{metadescription}
Вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты
Вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты. «Астекс», «Мудараба капитал» қаржы пирамидаларын құрғандарға қатысты сот жалғасып жатыр. Сот бүгін танымал вайнер әрі блогер Мейіржан Төребаевты тергеу абақтысынан босатып, үй қамағына жіберді.

Ал Мейірхан Шерниязов пен өзге де танымал вайнерлерге қатысты бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды.

Танымал Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов биыл сәуір айында қамауға алынған болатын. Тағы бір күдікті Әзімжан Саидбаев шетел асып үлгерген. 12 желтоқсанда қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған вайнерлердің ісі сотқа жолданды. Тергеу мәліметінше, осы қаржы пирамидасы мен ұйымдасқан қылмыстық топ құрғандар 200-ге жуық адамды сан соқтырған. Келтірілген шығын 5 миллиард теңгеден асады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.