Кәрім Көкірекбаев пара алып жатқанда ұсталды
Пара алып жатқанда ұсталды. «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің директоры Кәрім Көкірекбаевты антикор осындай қылмыс үстінде қолға түсірді.
Автор: Әзиза Төленби
27.12.2022
Мәліметтерге қарағанда, Көкірекбаев 800 мың доллар ауызбастырық алыпты. Алайда оның қай жерде, қандай жағдайда ұсталғаны туралы нақты дерек жоқ. 65 жастағы Кәрім Көкірекбаев 2019 жылдың тамызынан бастап «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесін басқарған. Оның алдында бір жарым жылдай Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі, ал 2013 пен 2018 жыл аралығында Жамбыл облысының әкімі лауазымын атқарды. Енді елді сел, қар көшкінінен қорғап, қауіптің алдын алуға жауапты мекеме директорының жұмысты қалай жүргізгенін Сымбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушілері анықтайтын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!