{metadescription}
Үкімет 2022 жылды қалай қорытындылады
Үкімет 2022 жылды қалай қорытындылады

Үкімет 2022 жылды қалай қорытындылады

Еліміздегі қалалардың көбінде кәріз жүйесі тозған. Сонау 60-70 жылдары салынғандарының 90 пайызы әбден ескірген. Үкімет бүгінгі жиында күрмеуі шешілмей жатқан осы мәселені талқылады. Жауапты министрліктердің ескі құбырларды 2028 жылға дейін ауыстыру, жөндеу жоспары дайын.

Тек оған тағы Дүниежүзілік қаржы ұйымынан 403 миллиард теңге қарыз алынады. Оны мемлекет қалай қайтарады? Жыл қорытындысы отырысында премьер-министр тағы қандай болжам жасады?

Күні кеше ғана президент қауқарына күмән келтірген Министрлер кабинеті бүгін жыл қорытындысы отырысына жиналды. Әлихан Смайылов бастаған министрлер жыл соңында елдегі кәріз жүйесінің жайын сөз қылуды жөн деп шешіпті. Өйткені елдегі құбырлардың жағдайы мәз емес.

Статисканы өзге емес Үкімет басшысының өзі айтып, бұған жауапты әкім-қараларды бір түйреп өтті. Елдегі кей ірі қалаларда кәріз жүйесі де, ғимараты да ескірген. Мысалы, Көкшетау, Семей, Арқалық қалаларында 90 пайызы көнерген. Бұл қатарда көктемде ғана облыс орталығы мәртебесіне ие болған Қонаев қаласы бар. 1968 жылы салынған құбырлар содан бері жөні түзу жөндеу көрмеген. 

Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:

- Қонаев қаласының кәріз тарту құрылысы 1968 жылы пайдалануға берілген. Тозығы 90 пайыздан астам. Кәріз желілерінің ұзындығы 172 километр. Желілердің тозғаны 80 пайыздан асады. Сізден республикалық бюджеттен қаражатты тарта отырып, халыққа әлеуметтік маңызы бар мәселені шешуде жәрдем көрсетуіңізді сұраймыз.

Әкім Сұлтанғалиев Үкімет басшысынан көмек күткені сол еді, Смайыловтың қысқа, бірақ зілді жауабын естіп тынды.

- Бұл мәселені бақылауыңызда ұстаңыз, созбай!

Ал бұл мәселеге тікелей жауапты Қайырбек Өскенбаев бүгін тиянақты дайындап келген сыңайлы. Индустрия министрінің дерегінше, жалпы 68 қалада кәріз құбырлары мен ғимараттарын қайта салу немесе күрделі жөндеуден өткізу керек. Осы ретте бұған қаражат қайдан болмақ деген заңды сауал туады. Халық саны 45 мыңнан аспайтын 36 шағын шаһарда республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылмақ. Оған шамамен 76 миллиард теңге қажет екен. Ал ірі қалаларда ...

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылым даму министрі:

- Халықаралық қаржы ұйымдарының қарызын мемлекеттік кепілдіктен тарту. Аталмаш тәсіл халық саны 46 мыңнан асатын 26 ірі қалада кәріздік тазарту ғимараттарының құрылысына қолданылады.

Иә, бұл жолы тағы үкіметтегілер үйреншікті қарыздың көмегіне жүгінбек. Оның сомасы да аз емес – 403 миллиард теңге. 15 жылға беріледі. Ал бұл қарызды мемлекет субсидия есебінен және тарифтің қаражатымен жабуды көздеп отыр. Демек келер жылдан бастап кезең-кезеңімен төлем де өседі. Ал Әлихан Смайылов алдағы жыл оңай болмайды дегенімен, бүгінгі Үкімет жиынын қиындықты еңсереміз деген оптимизмге толы тілегімен жапты.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Келесі жыл да оңай болмайды. Бірақ біз қойылған мақсатқа жетуіміз керек. Ол үшін нақты жоспарларымыз бар. Жаңа жылда еңбектеріміз жемісті болсын. Баршаңызға табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

Тілегі мен талабы қатар естілген Смайылов кәріз суын өңдеп кәдеге жаратуды да тапсырды. Мысалы, дамыған елдер одан электр энергиясын, биогаз, тыңайтқыш алуды да меңгеріп жатыр. Әзірге бізден бұл қатарда тек Шымкент қана бар.

Сонымен Үкімет елдегі кәріз ғимараттарын үш кезеңмен жүзеге асырады. Тоқетерін айтқанда, 2028 жылда толық аяқтаймыз деп отыр. Тіпті қазірден бастап Дүниежүзілік қаржы ұйымдарынан қарыз алудың қамына кірісіп кеткен. Бұл ретте Ақтөбе мен Тараз қалалары топтан озып, арнайы гранттарын да әзірлеп қойыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде