{metadescription}
Екібастұзға 240 миллион теңге бөлінеді
Екібастұзға 240 миллион теңге бөлінеді

Екібастұзға 240 миллион теңге бөлінеді

Екібастұзға 240 миллион теңге бөлінеді. Жылу электр орталығына жауаптылар мұндай қаржыны электр энергиясына кеткен шығынды өтеуге қарастырып отыр. Өйткені шаһар жылусыз қалғанда жұрт үсіп қалмас үшін электр пешін қолдануға мәжбүр болған.

Бағдат Орал, «Орта Азия Электр энергетикалық корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы:

- Біз тұтынушылардың қалыпты тұтыну режимінде ай сайынғы өтемақыны өтеу туралы шешім қабылдадық. Яғни «Екібастұзэнергоға» 240 миллион теңге аударылды. Енді ол жақын арада 48 мың 172 жеке шоттарға таратылады.

Екібастұзда қараша айының соңында коммуналдық апаттан соң төтенше жағдай жарияланды. Жылу құбырлары жарылып, орталық қазандық жұмысын тоқтатқан болатын. Соның салдарынан қақаған аязда шағын шаһардың халқы жылу мен ыстық судан қағылды. Тіпті -30 градус аязда пәтердегі жылу батареялары жарылып, баспанасын су басқан еді. Төтенше жағдай қазір алынғанымен, әлі де зақымданған пәтерлерде жөндеу жүріп жатыр. Мектептер мен балабақшалар өз жұмысына қайта кіріскен. Алайда жылу электр орталығының тозуына байланысты қала тұрғындарын жылумен толық қамту әлі де мүмкін болмай отыр.

Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі:

- Біздегі басты мәселе – қазандықтардан екі күннің бірінде ақау шығып жатыр. Өкінішке қарай, оның кейбірі істен шығып, енді бірде қайта қалыпқа келіп, тепетеңдік орнамай тұрғаны жасырын емес. Қазір бекеттердің жұмысын толық тұрақтандыру үшін мамандар жұмыс істеуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде