{metadescription}
Қарағандыда тұрғындар көмірдің шаң-тозаңына тұншығып отыр
Қарағандыда тұрғындар көмірдің шаң-тозаңына тұншығып отыр

Қарағандыда тұрғындар көмірдің шаң-тозаңына тұншығып отыр

Қарағанды іргесіндегі тұрғындар көмірдің шаң-тозаңына тұншығып отыр. Өйткені көмір қабылдау және жөнелту бекеті тұрғын үйлерге тым жақын орналасқан. Мемлекеттік инспекторлар тұрғындардың арызы бойынша сан мәрте тексеріс жүргізген. Айыппұл да салыпты.

Алайда қыстық отын сатумен айналысатындар айыппұлды төлеп, тірліктерін жалғастыра береді. Сондықтан тұрғындар тынысымызды тарылтқан көмір қоймасы жабылсын деп талап етуде.

Қарағандының осы бөлігінде тұратын екі мыңға тарта жұртқа таза ауа жұту арман болды. Қапталында күні-түні тиелетін көмірден ұшқан шаң-тозаң терезені жаппаса, үйді алып кетеді. Сырттағы ойын баласы да осыны жұтып өкпесін қабындырып жүр. Мекемеден көмір тиеп шыққан жүк көліктері ауылдағы жалғыз жолмен жүйткігенде, тығыларға таса таппаймыз дейді тұрғындар.

Евгений Медведев:

- Жүк көліктері күнітүні тыным тапайды. Артынан шаң-тозаңды қауып біз қаламыз. Ал мекеменің өзінде көмірді үгітетін техника гүрсілдеп істеп жатады. Маза жоқ. Қар жауса, қара күйе басады. Қызым сабақтан келе сала жуындырсақ, үстіндегі кірді кетіре алмаймыз.

Азаптанған тұрғындардың арызымен аталған мекемеге жазда тексеру де жүріпті. Экология департаменті біраз заңбұзушылық тапқан. 30 мың теңге айыппұл да салыпты. Олқылықтарды жоюға 31 желтоқсанға дейін уақыт та берген екен.

Дархан Есжанов, Қарағанды облысы экология депатраменті басшысының орынбасары:

- Екі компания әкімшілік жауапқа тартылды. Дегенмен де тексеріс барысында  екі кәсіпорын ауаны ластамау ісшараларын атқару керек еді. Яғни шаңды басу ісәрекеттерін атқару керек еді. Бірақ та іс жүзінде ол атқарылмаған.

Олар үшін түкке тұрмайтын айыппұлды төлеген, бірақ ескертпелердің ешқайсысын да елемеген. Сондықтан экология департаменті олардың жұмысын тоқтату үшін сотқа арыз дайындаймыз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде