{metadescription}
Ақша көбірек қайтарылса ғана автонесие беріледі
Ақша көбірек қайтарылса ғана автонесие беріледі

Ақша көбірек қайтарылса ғана автонесие беріледі

Жеңілдікпен көлік алу енді ауқымды бағдарлама болмайды. Енді бұрын бөлінген ақша неғұрлым көбірек қайтарылса, сол бойынша автонесие беріледі. Сондықтан кезекте тұрғандар машина мінгендердің кредит төлеуін күтуі керек. «Ал енді жүз миллиардтап ақша бөлінбейді», - дейді индустрия министрі. 

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылым даму министрі:

- 100 миллиард теңге ақша ендігәрі бөлінбейді. Бұрын бөлінген ақша неғұрлым қайтарылады, соғұрлым күндекүнде беріліп тұру керек. Ал банктер қаржыны сәл жинап алып, кредит береміз бе деген шешімді қабылдады. Менің ойымша, олар өзі біледі, бұл оларға қатысты бизнес. Бірақ менің ойым бойынша, күнделікті түскен ақшаны күн сайын беріп отыру керек. Сол себепті тоқтатпай, халықты «ойбай, ертең басталады, жоқ, арғыкүні басталады» деп шулатпай. Ол күнде жүру керек қой. 

Көктемде мемлекеттен ақша бөлінген кезде 13 мың адам көлік алған. Ал қазір тағы 16 мың жүргізуші темір тұлпар алуға өтініш берген. Оларға енді 100 миллиард теңге де жетпейтіні анық. Қала берді, бәрін бірдей отырғыза қоятын көлік те жоқ екенін министр мойындап отыр. Сұраныстың көптігіне қарай биыл 110 мың көлік шығарылса, келесі жылы оның санын 130 мыңға жеткіземіз дейді Өскенбаев. Ал кезекке тұрғандардың арманы несие төлегендердің ақшасына байланысты біртіндеп орындалады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде