{metadescription}
Әлеуметтік кодекс жаңалығы. Цифрлық карта
Әлеуметтік кодекс жаңалығы. Цифрлық карта

Әлеуметтік кодекс жаңалығы. Цифрлық карта

Елімізде зейнеткерлер көбейеді. Жыл сайын 120 мыңға жуық адам зейнетке шықса, енді бес жыл бойы олардың саны 40 мыңға артуы мүмкін. Ол күні кеше президент қол қойған заңға байланысты. 2028 жылға дейін әйелдердің зейнет жасы өсірілмейді. Еңбек министрлігінің есебінше, бес жылдан кейін зейнеткерлер саны елімізде екі жарым миллионнан асқалы тұр.

Президент қол қойған құжатта халықтың әл-ауқатын көтеруге арналған бірнеше маңызды тармақ та бар. Соның алғашқысы - енді әр отбасының цифрлық картасы болады. Демек алдағы уақытта азамат өзінің мемлекет алдындағы статусын, қандай қолдау алуға болатынын, нендей төлем ала алатынын алдын ала біліп отырады. Бұл жүйе 1 қаңтардан бастап жұмыс істейді. Цифрлық картаның арқасында Үкімет кімнің қандай көмекке мұқтаж екенінен хабардар болмақ. Әлеуметтік кодекстің тағы бір жаңалығы, мүгедек адамға қызмет көрсеткен отбасы мүшесі жалақы ала алады.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Әрбір азаматтың, егер де өзінің отбасында жұмыс істемейтін азамат болатын болса, сол кісіні жеке көмекші ретінде немесе әлеуметтік қызметкер ретінде рәсімдейтін боламыз. Оларға қосымша еңбекақы төлейміз, еңбекақыға қосымша әлеуметтік жарналарын, зейнетақы жарналарын беретін боламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде