Оралда 2 гектар жерге қатысты 2 жылға созылған сот аяқталды
Санитарлық аумақтағы үйлер сүрілмейтін болды. Оралда екі гектар жерге қатысты екі жылға созылған сот процесі аяқталды. Орал қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты тұрғындардың пайдасына шешім шығарды.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
27.12.2022
Бахтиер Журабаев, судья:
- Сот «Кублей» ЖШС-нің Орал қаласы әкіміне, жер қатынастары бөлімі мен сәулет және құрылыс мемлекеттік мекемелеріне берген шағымынан бас тартады.
Консерві зауыты мен қала әкімдігі арасындағы талас-тартыс ұзаққа созылды. Кәсіпорын басшылығы санитарлық аумаққа үй салуға рұқсат бергені үшін жергілікті әкімдікті сотқа берген. Өндіріс ошағының іргесінде бірнеше көпқабатты үй бой көтеріп, қазір 200-дей отбасы тұрып жатыр. 700-ден астам жұмысшысы бар зауыт санитарлық аумақтағы үйлер сүрілмесе, экологиялық лицензиямыздан айырылып қаламыз деп қауіптенеді. Істі қараған судья кәсіпорынның талап-арызын қанағаттандырған жоқ. Енді «Кублей» консерві зауытының ары қарай қалай жұмыс істейтіні белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!