{metadescription}
Құс тұмауы: Маңғыстау облысында үй құстарына екпе салынып жатыр
Құс тұмауы: Маңғыстау облысында үй құстарына екпе салынып жатыр

Құс тұмауы: Маңғыстау облысында үй құстарына екпе салынып жатыр

Маңғыстау облысында үй құстарына екпе салына бастады. Себебі –  аймақта құс тұмауы өршіп тұр. Осыдан бір апта бұрын Қаракөл көліндегі аққулар да тұмаудан қырылғаны зертхана талдауында анықталған.

Мамандар аққулардың өлексесінен сынама алып, екеуінен құс тұмауының вирусын тапқан. Осыдан кейін экологтар қанаттылар жаппай қырылып қалуы мүмкін деп дабыл қағып отыр. Сондықтан өңірде үй құстарын вакциналау басталды. Барлық ветеринария станциялары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Республикалық қордан 18 мың дозадан астам вакцина бөлінген. Бұрын мұнайлы аймақта мұндай ауру тіркелмеген дейді мамандар.

Әбжет Бекмурзин, Мұнайлы ауданы ветеринария станциясы директорының орынбасары:

- Құс тұмауы 2020 жылдары бас аймақтарда тіркелгенмен, біздің Маңғыстауда тіркелмеген. Бұл бірінші рет. Сондықтан бұны жедел жылдамдықпен, сақтықпен егіп жатырмыз. Бұл негізі адамдарға жұғады, сақтану керек. Сақтану жұмысын айтып жатырмыз. Егілген құстың етін 21 күнге дейін пайдалануға болмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде