{metadescription}
Қарағанды облысында астық тиелген 19 жүк вагоны рельстен шығып кетті
Қарағанды облысында астық тиелген 19 жүк вагоны рельстен шығып кетті

Қарағанды облысында астық тиелген 19 жүк вагоны рельстен шығып кетті

Қарағанды облысында астық тиелген 19 жүк вагоны рельстен шығып кетті. Қарабас станциясындағы апаттан жолушылар пойызы да кешігіп, вокзалдарда қарбалас болып жатыр.

- Қарабаста станцияның басында тағы да апат болды. Бәленбай бидай тиелген вагон құлап жатыр. Бидай жерде шашылып жатыр. Саспа, бүгін тағы пойыз жүрмейді ғой, быт-шыт болып жатыр.

Апат таңғы сағат 7:45-те болған. "Қазақстан темір жолы" компаниясының мәліметінше, құрамның басындағы вагонның тежегіші қарысып қалған. Соның салдарынан астық тиелген вагондар шойын жолдан шығып кетіпті. Барлығы жеке компанияға тиесілі. Апаттың себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Қазір оқиға орнында жөндеу жүріп жатыр. Қозғалыстың қашан қалпына келетінін ешкім айта алмайды. Тура осы учаскеде 17 қараша күні де 14 жүк вагоны аударылып, біраз уақыт теміржол қозғалысы қиындаған. Бүгінгі жағдайдан кейін Қарағанды вокзалында тағы қарбалас басталды. Иін тірескен жолаушылар пойыз кестесін білмей алаңдап жүр.
Темірғали Оспанов жолаушы:

- Жұмыстан вокзалға келе жатырмыз, бүгін вахтадан шықтық. Келе жатып жолда да байқап қалдық, үш-төрт жүк вагон бұзылып жатыр, ресльстен шығып кетіп. Соны реттеп орнына келтірген соң пойыз кешігіп келеді деп айтты. Баратын жеріміз жоқ, осы жерде пойыз келгенше күтеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.