{metadescription}
Қостанайда ота жасалған бес бала есінен танып қалған
Қостанайда ота жасалған бес бала есінен танып қалған

Қостанайда ота жасалған бес бала есінен танып қалған

Урологиялық отадан кейін комаға түскен қостанайлық бүлдіршін әлі есін жимады. Оның өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр. Дәрігерлер оған нақты не болғанын түсіндіре алмай отыр. Тек жағдайға қатысты арнайы комиссия құрылғанын мәлім етті.

Бұл ауруханада бір күнде осындай ота жасалған бес бала бірден есінен танып қалған. Соның төртеуінің беті бері қарай бастапты. Ал Әмір Қарсақтың әкесі баласын ауыр жағдайға түсірген медицина мамандарын жазалауды талап етуде.  

Бұл отаға дейін үш күн бұрын түсірілген кадр. Онда Әмір Қарсақ өзін жақсы сезініп көңілді жүр. Дәрігерлер оған жоспарлы урологиялық ота жасау қажеттігін және оның жеңіл өтетінін айтыпты. Бірақ бәрі керісінше болған.  

Нұрлан Бегалов, Әмірдің әкесі:

- Диагнозы оң жақтағы қалтасына су жиналған. Отадан соң баланың температурасы 40-41 градусқа дейін көтерілген. Соның әсерінен балам есінен танып қалды. Бірден жансақтау бөліміне алып кетті. Содан бері балам оянбай жатыр.

Сол күні Әмірден бөлек тағы төрт балаға дәл осындай ота жасалған. Бұлар да белгіленген уақытында оянбай, ата-аналары дабыл қақан. Бәрінің дене қызуы көтеріліпті.  

Анастасия Позиненко, Қостанай тұрғыны:

- Екі сағат өтті, балалар көзін ашпады. Температура қырықтан асып кеткен.Менің балам екінші күні әзер оянды.Бірақ өзін ұстап отыра алмады. Көзін ашады, бір минут айналаға қарап, көзін жұмып қайта ұйықтайды. Дәрігерлер бұл жағдайды наркозбен байланыстырғандай болады, бірақ нақтысын ешкім білмейді.  

Дәрігерлер қазіргі уақытта төрт баланың жағдайы тұрақталған деп сендіреді. Бірақ ата-аналар перзентіміз әлі құлан-таза айыққан жоқ, әлсіздік бар дейді. Ал үш жастағы Әмір 13 күннен бері комада жатыр. Ақ халаттылар оның неліктен есін жоғалтқанын сол күйі түсіндіре алмады.

Қуат Әлмағанбетов, Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

-  Токсикалық энцефалопатия және мидағы қан айналымының бұзылуы диагнозы қойылған. Қазір жұмыс тобы құрылып, неліктен мұндай жағдай болғанын анықтап жатыр. 3 жастағы бүлдіршін жансақтау бөлімінде. Ал өзге төрт бала үйіне жіберілді.

Әмірдің ата-анасы жанын қоярға жер таппай жүр. Олар жағдайға тікелей дәрігерлерді айыптайды. Сондықтан дәрігерлерге қатысты құзырлы орындарға шағым түсіріпті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде