{metadescription}
Мәжілісмендер: Қаңтар оқиғасына қатысты көп сұрақ неге жауапсыз қалды
Мәжілісмендер: Қаңтар оқиғасына қатысты көп сұрақ неге жауапсыз қалды

Мәжілісмендер: Қаңтар оқиғасына қатысты көп сұрақ неге жауапсыз қалды

Мәжілісмендер қаңтар оқиғасына қатысты да көп сұрақтың жауапсыз қалғанына қынжылып отыр. Сондықтан күш құрылымдарының басшылары парламентке келіп жауап берсін дейді депутат Еділ Жаңбыршин.

Мәжілісмен келесі аптада бүкіл елді дүр сілкіндірген қасіретті Қаңтар оқиғасына бір жыл болатынын еске салды. «Парламентте мемлекеттік төңкеріске итермелеген оқиға жан-жақты талқыланды. Құқық қорғау органдары да тергеу қорытындылары туралы есеп берді. Дегенмен депутаттың айтуынша, халық кей мәселелердің әлі де парқына бара алмай отыр. «Соның салдарынан қоғамда қазір түрлі қауесет тарауда. Ал бұл жалпы Қаңтарға қатысты жалған түсінік қалыптастырады. Сондықтан оқиғаның мән-жайы ашық айтылып, әділ бағасы берілуі керек», - дейді Жаңбыршин.

Еділ Жаңбыршин, Мәжіліс депутаты:

- Иә, бүгінде халықтың көкейінде әлі де жауабы жоқ сұрақтар жеткілікті. "Мұны ұйымдастырған кімдер, өйткені барлық өңірде бір мезгілде толқу басталды және қаскөйлердің негізгі мақсаты не болды? Қаңтар оқиғасы қандай зақым мен шығын келтірді? Лауазым міндеттерін атқару кезінде қайтыс болған және зардап шеккен қызметкерлерді әлеуметтік жағынан қорғау, кездейсоқ қаза болған азаматтарымыздың жақындарына көмек көрсету бойынша қандай жұмыс жүргізілді?" деген сауалдар ел ішінде әлі айтылып жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.