{metadescription}
Ақтөбеде азық-түлік бағасы тексеріліп жатыр
Ақтөбеде азық-түлік бағасы тексеріліп жатыр

Ақтөбеде азық-түлік бағасы тексеріліп жатыр

Ақтөбелік шенеуніктер жаңа жыл қарсаңында азық-түлік құнын қадағалауға шықты. Шаһардағы ірі дүкендер мен супармаркеттерді аралап, әлеуеметтік маңызы бар тауарлардың бағасын қарап жүр.

Қымбатшылыққа жол беріп шектен шыққандарына жаза қолданылатынын айтты.
Тексерудің алғашқы күні мониторинг топ мүшелері қаланың қақ ортасындағы супермаркетке тілшілермен бірге бас сұқты. Тексеріс кезінде пияз бағасы шектік көрсеткіштен қымбат екені анықталды. Келісі 105 теңгеден сатылуға тиіс көкөністі 125 теңгеден саудалап жатыр. Дүкеншілер азық-түлік бағасы жазулы тұрған қағаздарды дереу ауыстырып әуреге түсті. Мониторинг жасайтын төрт топ күні бойы тексеруді тоқтатпайды дейді шенеуніктер. Олар қолындағы әлеуметтік тауарларға бекітілген бағамен дүкен бағасын салыстырады. Құнын асырған кәсіпкерлерге алғашқыда ескерту беріп, тағы қайталанса, айыппұл салынады.

Жақсат Төлегенов, Астана ауданы әкімінің орынбасары:

- Он акті толтырылды. Баға қойылмаған тауарларға және де кейбір тауар бойынша көтеріңкі баға деп ұсыныс бердік. Соны біз тиісті мемлекеттік органдарға жібердік. Тиісті әкімшілік шара қолданады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде