Депутаттар: "Сайлауда комиссия мүшесі болатын адамдарға сенім жоқ"
Сайлауда комиссия мүшесі болатын адамдарға сенім жоқ! "Жергілікті жердегі саяси науқан кезінде мектеп мұғалімдері мен әкімдік мүшелерін отырғызуды қойсын" деп, Мәжіліс депутаттары бүгін ашулы мәлімдеме жасады.
Автор: Әзиза Төленби
28.12.2022
Ал бұған таяуда Алматы іргесіндегі Тұздыбастау ауылында бақылаушылар тарапынан шыққан шу түрткі болған.
Арнамызға Тұздыбастау тұрғындары ауыл әкімдігіне сайлаудың әділ өтпегенін айтып шағымданған еді. Тәуелсіз бақылаушылар сайлау учаскісіндегі заңбұзушылықты тіркемеді деп кінәлады. Тіпті әлдекімнің уыстап жәшікке бюллетень салып жатқан видеосын да таратқан болатын. Осы былықтан кейін дауыс санау уақытша тоқтап тұр.
Депутат Ирирна Смирнованың пікірінше, жергілікті жердегі осындай сайлауға әкімдер кедергі келтіреді. Олар өз адамын өткізу үшін небір қитұрқыға барудан тайынбайды дейді депутат.
Ирина Смирнова, Мәжіліс депутаты:
- Егер өңірлік комиссия дауысты артық салуға, сайлау нәтижесін бұрмалауға ниетті болса, онда «Жаңа Қазақстан» құра алмаймыз. Сондықтан сайлауды қадағалайтын әр мүше, әр қазақстандықтың алдындағы жауапкершілігін сезіну керек. Ол үшін заңды қатаңдатып, керек болса қылмыстық іс қозғалу керек. Бақылаушылар үнемі заңның бұзылғанын айтады, ал біз оған мән бермейміз. Бұлай болмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!