{metadescription}
Алматыда отшашуды заңсыз сатқандармен күрес күшейтілді
Алматыда отшашуды заңсыз сатқандармен күрес күшейтілді

Алматыда отшашуды заңсыз сатқандармен күрес күшейтілді

Алматыда қауіпті пиротехникалық заттар ешбір рұқсатсыз емін-еркін сатылып жатыр. Қадағалайтын орган айналдырған үш күннің ішінде осындай отшашудың 200 келісін тәркіледі.

Қазір қалада отшашуды заңсыз сатумен айналысатындарға қарсы күрес күшейтілді.

Заң мен талаптарды пысқырмай, ыңғайы келсе қалтасын қампайтып алатындар көбіне базарларда және жолдың бойында сауда жасайды. Басым бөлігінде қауіпті тауарлардың жарамдық мерзімі өтіп кеткен немесе сатуға бірде-бір рұқсат құжаты жоқ. Содан да шығар, тәртіп сақшылар мен төтеншеліктер келген бойда әрбір сатушы телефонға жармасып, өзге біреуге хабарласумен болды. Заңға бас қатырмайтын мұндай саудагерлердің пиротехника тауарлары толық тәркіленіп, әрқайсысына 80 мың теңгедей айыппұл салынды.

Арман Мәкенов, Жетісу аудандық ТЖБ бастығы:

- 25-інен басталып, бұл іс-шара полиция департаментімен бірігіп жасалып жатыр. Қазіргі таңда 23 хаттама толтырылды. 200-ге жуық келі сертификатталмаған өнім тәркіленді. Жаңажылдық мерекеңіз жақсы өтуі үшін өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, пиротехникалық бұйымдарды тек қана мамандандырылған дүкендерден алуларыңызға кеңес береміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.