{metadescription}
Алматы облысының әкімдігі казино ғимаратына көшірілді
Алматы облысының әкімдігі казино ғимаратына көшірілді

Алматы облысының әкімдігі казино ғимаратына көшірілді

Казиноға қалта мен көңілдің емес, ел қамы үшін баратын болды. Алматы облысының әкімдігі ойынхана ғимаратына көшті. Әзірге айына 30 миллион теңгеге жалға алған. Ал алдағы уақытта казиноны 3 миллиардтай теңгеге толық сатып алмақшы.

Жергілікті басшылық жаңа ғимарат тұрғызғаннан гөрі, дайынын пайдаланған тез әрі арзан деп шешкен. Тіршілік қайта қыз-қыз қайнаған казино ғимаратын КТК тілшісі көріп келді.

Алматы облысының әкмідігі казиноның ғимаратына көшеді деген ақпарат көптен айтылып келе жатыр. Алайда сол уақыттан бері атқамінердер мұны қауесет деп жоққа шығарып келген. Бүгін ғана шенділер кезінде ойынхана болған ғимаратқа көшкенін растады. 

Елтаңба қойылып әкімдіктің жазуы тұрса да, ғимараттың казино болғаны тайға таңба басқандай айқын көрініп тұр. Еденде ойын фишкалары бейнеленсе, төбеге қымбат аспашамдар ілінген. Заманауи жиһаздар мен бұйымдар да көздің жауын алады. Ал екі қабатты кең бөлме кезінде көңіл көтеретін, билейтін жер болған – түнгі клуб. Енді мұнда облыс әкімі жиналыс өткізеді. 

Ғалымұрат Жүкел, Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

Кезінде бұл ойынсауық кешені болған. Қазір бұл екінші деңгейлі банкте кепіл мүлігі ретінде тұр. Нарық бағасынан төмен болғандықтан, біз осылай ұйғардық. Жаңа ғимарат салғаннан гөрі, бұл екіүш есе арзан.

Жалпы ауданы 11 мың шаршы метр болатын тоғыз қабатты ғимаратта әкім аппаратынан бөлек, Алматы облысының бірқатар басқармасы да орналасқан. Тұрғындардың кейбірі жаңа әкімдікке жетуіміз қиын десе, енді бірі ыңғайлы деп отыр. 

Майыс Мамедов, Қонаев қаласының тұрғыны:

Естігенмін, осында облыс әкімдігі болады дегенді. Енді көшіп келіп жатыр екен. Қуаныштымын. Өйткені өте ыңғайлы орналасқан. 

Әкімдіктегілер бұл нысанды екінші деңгейлі банктен 30 миллионнан астам теңгеге жалдап отыр. «Қала әкімдігінің ескі ғимаратынан қысылып-қымтырылып, шаршадық» деген атқамінерлерге бұл ғимарат әбден ұнаған сияқты. Бұрынғы казиноны 3 миллиардқа жуық теңгеге сатып алуды жоспарлап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.