Ақтөбе облысында мектеп автобусы апатқа ұшырады
Ақтөбе облысында мектеп автобусы апатқа ұшырады. Оқушы тасымалдайтын ПАЗ көлігі жолдың қарсы бағытындағы жүк көлігімен соқтығысқан. Автобустың 62 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Автор: Жаңалық Ахаш
29.12.2022
Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Жақсымай ауылының маңында ПАЗ мектеп автобусының 62 жастағы жүргізушісі екінші рет жолдан шыққан кезде негізгі жолда DAF көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан автобус жүргізушісі алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Автобус салонында жүргізушіден басқа ешкім болмаған.
Мектеп автобусы Шұбарқұдық ауылына Жақсымайдан оқушыларды тасымалдайды. Апат болардан бұрын сабақтан қайтқан балаларды жеткізіп тастаған. Жақсымай ауылынан шығар тұста жүк көлігіне соғысыпты. Автобуста марқұм жүргізушінің өзі ғана болған.
Осыдан он күн бұрын да дәл осы Темір ауданында оқушылары мінген жеңіл көлік аударылған. Бір оқушы сол жерде қайтыс болып, сегіз бала облыстағы ауруханаға түсті. Қазір сегізінің де беті бері қарап, жарақаты жазылып, үйіне қайтарып жатыр. Тек сол кезде оқушылармен көлікте бірге болған спорт жаттықтырушысы ғана әлі есін жимады. Оның мойын омыртқасы үзіліп, басына зақым келген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!