{metadescription}
Жаңа жыл басында Үкіметті біраз өзгеріс күтіп тұр
Жаңа жыл басында Үкіметті біраз өзгеріс күтіп тұр

Жаңа жыл басында Үкіметті біраз өзгеріс күтіп тұр

Сот шешіміне наразы азаматтардың құқығын жаңа жылдан бастап Конституциялық сот қорғайды. Ал оның шығарған шешімі ешқандай да заң орындарының талқысына түспейді. Бүгін президент сенатқа арнайы келіп, Конституциялық сот төрағасын тағайындады.

Жаңа құрылымның тізгінін ұстау осыған дейін адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарып келген Эльвира Азимоваға бұйырды. Жаңа жыл  басында Үкіметті де біраз өзгеріс күтіп тұр.

Президент өтіп бара жатқан жылдың қай-қайсымызға болмасын оңайға соқпағанынан бастады. Небір сын-қатерлермен бетпе-бет келсек те, әйтеуір экономика кері кетпей, ол үш пайызға өскен. Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 6,5 пайызға артыпты. «Бұл жаман көрсеткіш емес», - дейді мемлекет басшысы. Бірақ арқаны кеңге салуға себеп емес. Үкіметті алда ауқымды істер күтіп тұр. Ал жаңа жылдың басында Министрлер кабинеті біршама жаңарады.  

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Премьерминистрдің ұсынысымен жаңа жыл басында Үкіметте бірқатар кадрлық өзгеріс жасамақшымын. Жалпы үкіметтің алдында тұрған мақсаттар өте ауқымды және өзекті. Экономкианы одан әрі дамытуға барынша күш салуымыз керек. Келесі жылы ЖІӨ өсімі кемінде төрт пайыз болуға тиіс. Ал ақшаға шаққанда алғаш рет 250 миллиард долларға жетуі қажет.

«Ұлттық банк саған айтам, Үкімет сен тыңда». Президент алдымен  инфляцияны тежеуді тапсырды. Екіншісі – кей аймақтардағы төтенше жағдай елде қордаланаған проблеманың көптігін көрсетті. «Бұдан былай коммуналдық желілерді жаңғырту мен энергетикалық дербестікті ойлауымыз керек», - деді мемлекет басшысы. Ал үш жарым жыл бұрын басталған реформалар алдағы уақытта да жалғасын таба береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Келе жатқан Парламенттік сайлауға мен өзім, мемлекет басшысы ретінде айырықша мән беріп отырмын. Бұл сайлау еліміздің заңына сәйкес, әділ және ашық өтуге тиіс. Жалпы біз азаматтық қоғамның беделін арттыруымыз керек. Азаматтардың лайықты белсенділігі болмаса, еліміз озық болмайды. Бұл ақиқат.

«Әділетті Қазақстан» идеясында заң мен қоғамдық тәртіп салтанат құруы керек. Президент бүгінге дейін адам құқығын қорғау саласын жетілдіруге мән беріп келді. Оған Конституциялық соттың құрылуы кепіл. Президенттің бүгін Сенатқа келу себебі де осы. Жаңа жылдан жұмысын бастайтын Конституциялық соттың төрағасын тағайындау.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Соттың кадрлық құрамын жасақтау кезінде сабақтастық сақталуы тиіс. Бірақ жаңа қызметкерлерге де жол ашылуы керек. Конституциялық соттың төрағасына айырықша міндет жүктиеледі. Сіздерден Эльвира Әбілқасымқызы Азимованы адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатып, Конституциялық соттың төрағасы лауазымына тағайындауға келісім беруді сұраймын. Ал адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына Артур Ермекұлы Ластаевтың кандидатурасын ұсынамын.

Сенаторлар президенттің ұсынысын бірауыздан қолдады. Ендігі жылдан бастап азаматтардың құқығы мен бостандығын тікелей қорғайтын Конституциялық сот жұмысына кіріседі. Оның шығарған шешімін ешкім қайта қарай алмайды. Ал мемлекет басшысының Үкіметке қатысты мәлімдемесінен кейін жаңа жыл қарсаңында біраз шенеуніктің ұйқысы қашатын болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде