{metadescription}
Қонақ үй өртінде 10 адам өліп, 30-ы зиян шекті – Камбоджа
Қонақ үй өртінде 10 адам өліп, 30-ы зиян шекті – Камбоджа

Қонақ үй өртінде 10 адам өліп, 30-ы зиян шекті – Камбоджа

Камбоджада қонақ үй отқа оранып, он адам көз жұмды. Ыстан уланып күйік шалған тағы 30-дан астам адам ауруханаға жеткізілген. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен кешелі бері арпаласып әзер ауыздықтады.

Төтенше жағдай түнгі сағат он екіде Таиланд шекарасына жақын Пойпет қаласында болған. Болжам бойынша, қонақ үй ішіндегі казинода жанармай бөшкесі жарылып содан өрт шыққан. Қызыл жалын лезде күш алып, ғимараттың жартысы опырылып түсті. Сондай-ақ от осы бизнес нысанына жапсарлас орналасқан көпқабатты тұрғын үйге де тараған. Қонақ үйден шыға алмай қалған меймандар мен қызметкерлердің шарасыздан терезеден секіріп жатқанын әлеуметтік желіге тараған видеолардан көруге болады. Жергілікті билік 50 адамды құтқарған. Ал онда 400-ге жуық адам жұмыс істейді екен. Сондықтан ажал құшқандар мен зардап шеккендердің саны әлі де артуы мүмкін. Қазір өрттің нақты себебі анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде