Мәулен Әшімбаев: Сенатқа заңгерлер керек
Сенатқа заңгерлер керек. Спикер Мәулен Әшімбаев Жоғарғы палата жұмысына заңгер мамандығын меңгерген сенаторлар келсе дейді.
Автор: Әзиза Төленби
29.12.2022
Мәулен Әшімбаев, Сенат спикері:
- Бізге заңгерлер керек. Парламентте өте көп күрделі заңдар қаралып жатыр. Бүгін қабылданған банкроттық туралы заң да осындай құжаттардың санатында. Сондықтан мұндай қиын заңдарды пысықтап, талқылау үшін бізге білікті заңгерлер керек. Алдағы сайлау нәтижесі бойынша бізге мықты мамандар келеді деген ойдамын.
2023 жылдың 14 қаңтарында елімізде Парламенттің жоғары палатасына сайлау өтеді. Сөйтіп жылдың басында 20 өңірден бір-бір өкіл Сенат депуттығына сайланады. Сайлауды өңірлік Мәслихат депутаттары өткізеді. Кандидатураны депутат болғысы келетін адамның өзі немесе Мәслихат депутаттары ұсынады. Қазір сайлауға қатысатын үміткерлердің аты-жөні белгілі. Парламенттің жоғары палатасында 53 азамат депутат мандатына ие.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!