{metadescription}
«Қазақстан темір жолы» компаниясының лауазымды тұлғалары құрықталды
«Қазақстан темір жолы» компаниясының лауазымды тұлғалары құрықталды

«Қазақстан темір жолы» компаниясының лауазымды тұлғалары құрықталды

Тапшылықты қолдан жасап, миллиондарды қалтаға басқан. Антикор «Қазақстан темір жолы» компаниясының лауазымды тұлғаларын құрықтады. Жүк вагондарына иелік ететін ірі оператордың қызметкерлері, былайша айтқанда, ауадан ақша жасап отырған. «Жүктеріңді кедергісіз әрі тез арада жеткізіп береміз» деп, кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алып келіпті.

Ұсталғандар ҚТЖ-ға қарасты «ҚазТемірТранс» компаниясының қызметкерлері. Нақтырақ айтсақ, сыбайластар арасында филиал басшыларынан бастап, бас кеңсе бөлімшесінің менеджерлеріне дейін бар. Кәсіпкерлер параны лауазымды тұлғалардың сенімді адамдары мен жақын туыстарының шотына аударып отырған.

Мәселен, Ақмола филиалының бір ғана басшысы 2020 жылдан бастап 70 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз алған. Ақшаның басым бөлігін Щучье-Бурабай курорт аймағындағы ойынханаларға жұмсапты. Күдікке іліккендердің қатарында, Қарағанды филиалының бұрынғы және қазіргі басшылары да бар. Олардың барлығының қолына кісен салынып, екі айға тергеуге қамалды. Өзге де лауазымды тұлғалар қазір тексеріліп жатыр.

Жүк вагондарының уақтылы жеткізілмеуіне байланысты жүк жөнелтуші кәсіпорындар мәселені пара беру арқылы шешуге тырысқан. Осындай жемқорлықтың салдарынан бизнес иелері есепсіз шығынға ұшырап, тауар бағасын еселеп өсіріп жіберген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде