{metadescription}
Қанат Мусин Конституциялық сот судьясы болып тағайындалды
Қанат Мусин Конституциялық сот судьясы болып тағайындалды

Қанат Мусин Конституциялық сот судьясы болып тағайындалды

Әділет министрі Қанат Мусин қызметінен босатылды. Бірақ жұмыссыз қалған жоқ. Мәжіліс оны бүгін-ақ жаңа жасақталып жатқан Конституциялық соттың судьясы етіп бекітті.

Мусин әділет министрі болып жыл басында ғана тағайындалған. Енді жаңа жылды жаңа қызметте қарсы алады.

Конституциялық сот 1 қаңтардан жұмысын бастайды. Оның төрағасын күні кеше президент Сенатқа ұсынып, депутаттар Эльвира Әзімованың кандидатурасын қолдаған. Сенат өз тарапынан үш судьяны, бүгін Мәжіліс үш судьяны бекітті. Қалған төртеуін енді президент тағайындайды. Сот шешімімен келіспеген кез келген тарап келер жылдан бастап Конституциялық сотқа жүгіне алады. 

Қанат Мусин, ҚР Конституциялық сотының судьясы:

Жеке адамдарға Конституциялық сотқа шағымдануға болады. Бірақ та ол шағым, басқа соттармен қаралған. Мысалы дау бойынша, даудың барысында сот бір нормативті құқықтық акті қолданса, сол актіні Конституцияға сәйкес тексеру үшін азамат Конституциялық сотқа  жүгіне алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде