{metadescription}
1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдердің көлемі өзгереді
1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдердің көлемі өзгереді

1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдердің көлемі өзгереді

1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдердің көлемі өзгереді. Мәселен, елдегі ең төменгі зейнетақы осыған дейін 68 223 теңге болса, ендігі жылдан бастап 77 417 теңгеге дейін артады. Ең төменгі жалақы өседі, зейнет жасын ұзарту тоқтатылады.

Ал қарызын төлей алмай жүргендер өзін банкрот деп жариялауына мүмкіндігі бар. Келе жатқан жылдың бұдан өзге де жаңашылдықтары жетерлік.

Жаңа жылдан бастап әлеуметтік сала бойынша қазақстандықтарды бірқатар жаңашылдық күтіп тұр. Президенттің күздегі жолдауында айтылған бала күтіміне байланысты төлемді бір жарым жылға арттыру алдағы 2023 жылдан басталмақ. Осыған қатысты декрет демалыындағы аналарды мазалаған сауал көп. Балалары 1 жасқа толып, жәрдемақысы тоқтап қалғандар қайтпек? Әлде бұл өзгерістер тек жаңа жылдан кейін жасқа толатындарға ғана қатысты ма?

Айнұр Әбдірахманова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік көмек департаментінің директоры:

Бұл жәрдемақы, яғни бір жасқа толмаған балаларға келесі жылға автоматты түрде создырылатын болады. Құжат тапсырып керек емес. СМС хабарламасы жіберіледі. Сол хабарламаға жауап беру арқылы автоматты түрде жәрдемақы создырылатын болады.

2023 жылы көпбалалы аналарға, яғни төрт және одан да көп баласы бар отбасыға төленетін жәрдемақы мөлшері де артады.

4 балаға 55 304 теңге, 5 балаға 69 138 теңге, 6 балаға 82 973 теңге, 7 балаға 96 807 теңге, 8 балаға 110 400 теңге төленеді.

Ал сегізден көп баласы бар отбасыларға одан кейінгі әр бала үшін 13 800 теңге қосалады.  9 балаға 124 200 теңге, 16 балаға 220 800 теңге. "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегері ретінде қосымша жәрдемақы да алады.

Айнұр Әбдірахманова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік көмек департаментінің директоры:

Әлеуметтік кодекс жобасы біздің министрлік тарапынан жасалды. Ол кодекс құзырлы орынармен келісіп, Мәжіліс депутаттарына жолданайын деп отыр. Наградталған аналардың жаңа ұғымын енгізіп отырмыз. Бұл дегеніміз, сол аналардың өмір бойы төленетін жәрдемақы ай сайынғы. Ең бастысы, атааналардың «Күміс алқа», «Алтын алқа», 1-2 дәрежелі «Ана даңқы», «батыр ана» ордендері бар аналарға берілетін болады.

2023 жылы мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-анаға, қамқоршыға төленетін жәрдемақы мөлшері 56 794 теңге болып бекітілді.  1 қаңтардан бастап мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін күтушілердің шотына міндетті зейнетақы жарнасы аударылады.

Ғазиза Иманғали, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, мүгедек азаматтарды оңалту басқармасының басшысы:

Жеке көмекшінің қызметі беріледі, жүзеге асырылады. Ол жүріптұруы қиын бірінші топтағы азаматтарға ілесіп жүру және объектілерге барғанда көмек көрсету қызметтері атқарылады. Келесі жылдан бастап негізгі ерекшелігі, жұмысқа қабілетті азаматтар бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсеткен кезде олар үшін міндетті зейнетақы жарнасы төленіп, сол уақыты еңбек өтіліне қосылатын болады.

Ал жеке көмекші қызметінің құны орташа айлық есептік көрсеткіштің 12 пайызын құрайды. Келесі жылдан бастап оларға төленетін ай сайынғы жалақы 100 мың теңгеге өсті.

Жыл сайынғы дәстүрмен айлық есептік көрсеткіш 2023 жылы 3 450 теңге болып белгіленді. Әдетте мұны біз жәрдемақы, айыппұл, салық және басқа да төлемді есептеуге қолданамыз. Яғни айлық есептік көрсеткіш өссе, жәрдемақы мен айыппұл да артады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде