{metadescription}
Ескертуді елемей жолға шыққандар жауапқа тартылады
Ескертуді елемей жолға шыққандар жауапқа тартылады

Ескертуді елемей жолға шыққандар жауапқа тартылады

Атлантикалық циклон елімізге жауын-шашын мен қар әкеле жатыр. Синоптиктер алдағы мереке күндері респбуликамыздың біраз өңірінде аяз күтіледі деп болжайды. Солтүстік, орталық пен шығыста термометр көрсеткіші минус 25 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Кей өңірлерде көктайғақ болады. Төтеншеліктер демалыс күндері алыс жолға шыққан кезде сақтық үшін күрек, дөңгелекке арналған шынжыр, жылытқыш сынды құрал-саймандарды ала кеткен дұрыс деп отыр. Ал жолға шығуға болмайды деген ескертпені елемейтін жүргізушілер 100 мың теңгедей айыппұл төлейтін болады.

Қар, тұман, көктайғақ. Синоптиктердің алдағы үш күнге болжамы осындай. Атлантикалық циклонның әсерінен демалыс күндері еліміздің солтүстігінде, орталығы мен шығысында аяз болады деп күтіліп отыр. Бұл өңірлерде сынап бағансы минус 25 градусқа дейін төмендесе, оңтүстіктегілер жаңа жылды 15 градус аязбен қарсы алады.

Алина Ысмағұлова, «Казгидромет» РММ баспасөз хатшысы:

Қазақстанның ауа райын атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайтын болады. Еліміздің солтүстікбатысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар жауады, бұрқасын, екпінді жел соғады, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашын, жаңбыр мен қар түрінде, тұман, көктайғақ күтіледі. 1 қаңтарда еліміздің оңтүстікшығысында қатты жауын-шашын күтіледі.

Төтеншеліктер демалыс күндері алыс жолға шығар алдында ауа райын нақты біліп алып, мұқят дайындалған абзал деп отыр. Яғни сақтық үшін кем дегенде бір күнге жететін тамақ пен суды, сондай-ақ жылы киімдер мен дөңгелекке арналған шынжыр, күрек сынды құрал-сайман алып алған дұрыс.

Бауыржан Сейдалиев, Жамбыл облысы ТЖД бас маманы:

Жолда қалған жағдайда ең алдымен автокөлікті тастамай, көліктің антенасына ашық түсті матаны байлап, 112 нөміріне қандай елдімекенде, қай жерде тұрғаныңыз туралы хабарлама беріңіз. Және де автокөлікті жел бағытына қарай қойып, радиатор жағынан жауып, жылыту құрылғысын арасында пайдаланып, автокөлікті тастамауларыңызды сұраймыз.

Өйткені іздеу кезінде төтеншеліктер адамға қарағанда, көлікті әлдеқайда тезірек табады. Сондықтан жолда қалып қойған жағдайда көмекті темір тұлпардың ішінде күткен жөн.

Боран болып жолдар жабылса да, қар құрсауында қалып қойғандардың саны ешқашан азаймаған. Жылда қайталанатын сценарий осындай. Қазан айынан бастап ауа райы қолайсыз деген ескертуді елемей жолға шыққан жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Нақтырақ, 100 мың теңгедей айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.