Семейде қолдан жасалған 873 шөлмек ішімдік тәркіленді
Семейде жаңа жыл қарсаңында қолдан құйылған арақ-шараптарды саудалап пайдаға кеңелмек болған азамат ұсталды. Оның жүк көлігінен 873 шөлмек ішімдік тәркіленген.
Автор: Ұлан Нұрахмет
30.12.2022
30 жастағы азамат сапасыз спирттік өнімдерді Газель көлігіне тиеп алған. Онда арақ-шараптың түр-түрі бар. Тәртіп сақшылары спирттік өнімдер қолдан құйылған дейді. Оңай олжаны көздеген күдікті заңсыз жолмен өндірілген өнімдерді қала дүкендеріне өткізбек болған. Қазір полицейлер астыртын цехта жасалған арақ-шараптардың сапасын анықтау үшін тәркіленген ішімдіктерді арнайы сараптамаға жіберді.
Дина Әміренова, Абай облысы ПД баспасөз хатшысы:
- Алкоголь өнімін заңсыз сақтауға және тасымалдауға қатысы бар адамдардың жеке басы анықталуда. Сондайақ оны сатып алу және өткізу арналарын тексерілуде. Ал тәркіленген тауар жалған акциз таңбасы бар заңсыз алкоголь өнімі болып табылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!