{metadescription}
Қоян жылын қалай қарсы алу керек? Ырым-тыйымдар
Қоян жылын қалай қарсы алу керек? Ырым-тыйымдар

Қоян жылын қалай қарсы алу керек? Ырым-тыйымдар

Жаңа жылға бір күн қалады. Келер қоян жылын қалай қарсы алуға болады? Қандай ырым-тыйымдар бар? Мамандар алдағы жылда өкпе-ренішті ұмытып, кешірімшіл болу керек дейді. Ал отбасын құрамын дегендерге 2023 жыл сәтті болмақ. Қоян жылынан жалпы не күтеміз?

Сарапшылар Қоян жылын асыға күтетін қонақ ретінде қарсы алуға кеңес береді. Бірақ жаңа жылды мейрамханада емес , үйде, отбасы, ошақ қасында атап өту қажет деп отыр.

Артур Ахапов, ботаника бағының директоры:

- Ежелде қоянды бақыттың символы, сәттіліктің белгісі деген. Жалпы алғанда, Қоян жылын табыстың, шаттықтың, қуаныштың жылы дер едім. Әр отбасында айтралықтай жаңалық болуы мүмкін. Қытай әдебиетінде қоянды айдың көмекшісі болды деген де тәмсіл бар.

Мамандар жаңа жылда өкпе-ренішті ұмытып, Қоян жылын жақсы көңіл күймен қарсы алу керек дейді. Себебі, қоян ренжісуді ұнатпайтын аң екен. Жылды жеткен жетістіктермен қорытындылап, болашаққа жоспар құруға кеңес береді. Ең бастысы, үйдің интерьері мен безендіретін түске және киімге мән беру керек.

Алла Кувшинова, отбасы демалыс орталығының басшысы:

Кейде адамдар киетін киімде қара түсті таңдайды. Бұл түс қоянға сәйкес емес. Керісінше, ашық түсті таңдау керек. Қоян қою түсті ұнатпайды. Оған жылтыр нәрсе киіп, үйді жылтырақтармен безендіру керек. Тіпті үйдің интерьерінде де ашық түс болғаны дұрыс.

Жаңа жылда мерекелік дастархан аста-төк болғаны дұрыс. Себебі, қояндар тоя тамақ жегенді ұнатады екен. Аспаздар әсіресе тәтті тамақ пен  сәбіз салатының түр-түрін жасау керек дейді.

Владимир Шверт, аспаз:

Жаңажылдық дастарханға көкөністен салаттың түртүрін жасауды ұсынамын. Әсіресе бақшада өсірілетін табиғи көкөністерді таңдаған жөн. Қалтаға салмақ түсірмейтіндей, дәмді әрі тәтті тамақ жасауға болады.

Мамандар Қоян жылында туыстық қарым-қатынасты күшейтіп, ренжісіп қалған адамдардан кешірім сұрауға кеңес береді. Себебі, Қоян жылы махаббат пен сыйластықты арттырады. Жалпы 2023 жыл үйленуді жоспарлаған жандарға сәтті болмақ. Өйткені екінші жартысын іздеген адамның өмірінде көптен күткен оң өзгерістер орын алады. Бірақ мұның барлығы сарапшылардың пайымы. Жылды қалай қарсы алып, қандай көңіл-күйде өткізу өз еркіңізде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде