{metadescription}
"Дикий Арман" тапсырманы Ұлттық қауіпсіздік комитетінен алып отырған
"Дикий Арман" тапсырманы Ұлттық қауіпсіздік комитетінен алып отырған

"Дикий Арман" тапсырманы Ұлттық қауіпсіздік комитетінен алып отырған

Бас прокурор айтқан ұйымдастырушы негізгі 18 адамның бірі - Арман Жұмагелдиев. "Дикий Арман" лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі тапсырманы Ұлттық қауіпсіздік комитетінен алып отырыпты.

Алматыдағы "Қазақстан" қонақүйін штаб-пәтер қылып, ойына келгенін істеген. Тапсырманы сол жерде отырып беріп, тіпті көшеден ұстап әкелген адамдарды тура қонақүй ішінде азаптаған. "Дикий Арман" мен оның ықпалды сыбайластарын бүгін бас прокурор тізіп шықты.

"Дикий Арман" 2003 жылы қылмыс жасап елден қашып кеткен. Алайда оның ұрланып Қазақстанға келіп жүретіні алып-қашпа әңгімелерде естілетін. Ал Қаңтар оқиғасы басталғанда қылмыс әлемінің серкесі Алматыда алшаң басып жүрді. Онысы бекер емес екен. Арман Жұмагелдиевті Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі кураторы қолдап, бағыттап отырған. Артынан қара көбейтіп, билікке бұлтартпас талап қою үшін «Халық кеңесі» деген топ құратын үлкен жоспары да болыпты. Бұл ойымен келіспеген 24 адамды ұрлап кетіп азаптаған.

- Қатты азғындықпен бәрімізді ұстап, сол жерде ұрыпсоғып, таңертең сағат шамамен 11-де бізді жүк мәшинесіне тиеп, мал құсатып, контейнерге апарды. Контейнерде ұрып-соғып, бір тәулік ұстады.

Азаптау «Ритц Карлтон», «Қазақстан» сияқты ірі қонақ үйлердің паркингтерінде де жалғасыпты. Ал күзетк, "Дикий Арманның" командасынан бөлек, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері де тартылған. Қалған жақтастарын Арман Жұмагелдиев телеграм чаттар арқылы орталыққа жинапты. Кейін ақ мата байлаған басбұзарлар жүйелі түрде құқық қорғау және арнайы органдардың ғимараттарына шабуыл жасаған. Қаланың полиция департаментіне 27 рет шабуыл жасап, қару-жарақ ұрлағысы келіпті. Ал 5 қаңтар күні арнайы топ Тараз, Талдықорған, Алматы, Жамбыл облыстарының департаменттерінде өз дегеніне жетіп, барлық қаруды қолды еткен. 

Берік Асылов, ҚР Бас прокуроры:

- Мәсімовтің тапсырмасы бойынша Алматы қаласы мен Қызылорда облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің жеке құрамы жұмыс орындарын тастап кеткен. Басшылықтың нұсқауы бойынша Алматы және Жамбыл облыстарының полиция департаменттері ғимараттарын тастап кеткен.

Солардың бірі Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев. Генаралдың қарулы күзетпен асығыс кетіп бара жатқан видеосы да бар. Ал қарулы топ полиция ғимаратына содан кейін іле-шала басып кірген. Қаскөйлер тіпті дәрігерлерге ауруханаға түскен әскерилерге қызмет көрсетілмесін деп те сес көрсетіпті. Ал медициналық мекемелерде орталыққа хабарласатын дабыл жүйесі қарастырылмаған.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Бұл медициналық мекемелерге шабуыл жасалғанда, қандай да бір қауіпқатер төнгенде, құқық қорғау органдарымен байланыстың болмауы. Екінші, медициналық қызметкерлері мен медициналық мекемелердің қауіпсіздігінің қамтамасыз етілмеуі. Мекемелердің оқшауға алынып немесе қоршауға алынғанда, ауруларды тамақ, дәрідәрмекпен қамтамасыз ету қиындады.

"Дикий Арманның" сол кездегі Мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенді ертіп жүруі де бекер емес. Әлеуметтік желіде мыңдаған оқырманы бар, әсіресе жастар арасында танымал депутат халықты соңынан ертуге ықпал етіпті.

Аманжол Әлтаев, Мәжіліс депутаты:

- Жастардан осы заманның батырлары кім деп сұрасаң, өрт ішіндегі өрімдей бала мен кейуана әжені құтқарып қалған, ерен ерлік көрсеткен Асқар секілді жаңа заманның жалынды батырларын емес, топ құрып, тісін жасырған «Дикий Арманды» атаса, таң қалмаңыз. Міне, біз бүгінгі жас ұрпақты тәлімі теріс, сырты бүтін, іші түтін «Дикий Армандарға» еріп кетуден қорғауымыз керек.

Арман Жұмагелдиевтің ісі әлі тергеліп жатыр. Оның президенттен араша сұрап жариялаған видеосы әлеуметтік желіде вирустай қаптап жүр. Түрмеде қалайша видео таратуға мүмкіндігі болғаны тағы белгісіз. Қалай тырысса да, әділ жазасын алады деді бүгін бас прокурор.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде