{metadescription}
Қаңтар: Азаптаған полицейлердің бет-жүзін де көрмеген
Қаңтар: Азаптаған полицейлердің бет-жүзін де көрмеген

Қаңтар: Азаптаған полицейлердің бет-жүзін де көрмеген

Қаңтар оқиғасы бойынша 5300-ден астам қылмыстық іс қозғалып, 1237 адам қамауға алынған. Соның 834-і жазасын өтеп жатыр. Сотқа тартылғандар қатарында күш құрылымдарының басшылары, лауазымды тұлғалар, деструктивті діни ағымның, тыйым салынған экстремистік ұйым мен ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдері бар.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің дені азаптау ісі бойынша жауап беріп жатыр.

Ұсталғандарға күш қолданғаны үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полицияның 34 қызметкері тергелуде. Қаңтар оқиғасында қамалған азаматтарды азаптау фактісі бойынша 329 қылмыстық іс қозғалған. Соның 24-і сотқа жіберіліпті. Бас прокурор Берік Асылов тергеу абақтысында жатқандарды ұрып-соғып, қатыгездік көрсеткен құзырлы орган өкілдері шеніне қарамастан тиісті жазаға тартылатынын жеткізді. Азаптау істерінің басым бөлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іc-қимыл агенттігінің өндірісінде болған.

Жалпы, тергеу бойынша 851 сот сараптамасы жүргізілген. 347 іс "қылмыс құрамының болмауына байланысты" тоқтатылыпты. «Тергеу изоляторында таяқ жедім» деп арызданған азаматтардың дені билік өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсету, қару ұрлау, тонау және басқа қылмыстар бойынша жаза арқалады дейді антикор басшысы. Олардың арасында қылмысын жасыру мақсатында шағым түсіргені де болыпты.

Олжас Бектенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 432 қылмыстық істі тергеді. Оларды тергеуге агенттіктің ең тәжірибелі тергеушілері тартылды. Негізгі қиындық – оқиғалардың ретсіз және жаппай болуы. Арызданушылар бетперде мен каска киген полицейлерді көрсетті, яғни олар азаптағандардың жүзін де көрмеген. Есімін де білмейді. Тергеуге көптеген бейнебақылау камеларының жұмыс істемеуі де кедергі болды. Сотмедициналық сараптамасы 344 адамның қатысуымен жүргізілді. Нәтижесінде 239 адамның дене жарақаттарын алғаны анықталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.