{metadescription}
Жамбыл облысында қираған екі ауданда жағдай реттеле бастады
Жамбыл облысында қираған екі ауданда жағдай реттеле бастады

Жамбыл облысында қираған екі ауданда жағдай реттеле бастады

Жамбыл облысында дүлей дауылдан қираған екі аудандағы жағдай реттеле бастады. Жергілікті әкімдік бүгін кешке дейін тұрғындарға жарық пен жылу беріледі деп сендірді.

Қазір Қаратау мен Жаңатаста қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр. Келтірілген шығын көлемі әзірге белгісіз. Қаратау қаласында 10 көпқабатты үй мен бір әкімшілік ғимраттың шатырын жел ұшырып әкеткен. Үй жабындысы мен ағаштарға бастырылған көліктер саны да аз емес.

Жаңатастағы ахуал тіпті күрделі болған. Мұнда электр бағаналарындағы сым үзіліп, жылу қазандығы істен шыққан еді. Мыңдаған адам жарық пен жылудан қағылып әбден қиналған. Шенеуніктер бүгінде үзілген электр желілерінің жалғанып, жарықтың беріле бастағанын айтады. Енді жылу жеткізумен бас қатырып жатса керек.

Еске салсақ, екі күн бұрын аймақта екпінді жел тұрып, Жаңатас пен Қаратау қаласының астаң-кестеңін шығарған.

Марат Сұлтанғалиев, Сарысу ауданының әкімі:

- Дәл қазір ахуал тұрақталып келеді. Әлеуметтік нысандарды жылу жүйесіне қосып келе жатырмыз. Бірінші кезекте көпқабатты үйлерді қамтамасыз етеміз. Жылумен, электр қуатымен және сумен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде