{metadescription}
Болжам: Ақтөбеде бүлдіршін өз әкесінің қолынан өлген
Болжам: Ақтөбеде бүлдіршін өз әкесінің қолынан өлген

Болжам: Ақтөбеде бүлдіршін өз әкесінің қолынан өлген

Ақтөбеде төрт жасар баланы өлтірді деген күдікті қамауға алынды. Құзырлы органдар оның кім екенін ашып айтпай отыр. Бірақ бүлдіршін өз әкесінің қолынан қаза тапты деген болжам бар.Себебі, Данил Ахунов жоғалған кезде-ақ ол тергеуге алынып, тәртіп сақшыларының бақылауында болған.

Айжамал Сүндетова, Ақтөбе облысы сотының баспасөз хатшысы:

- Жас баланы өлтіру,ҚК 99-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыс жасады деп күдіктелген азаматқа қатысты екі айға, яғни 2023 жылдың 28 ақпанына дейін күзетпен ұстау бұлтартпау шарасына санкция берілді.

Күдікті тергеу кезінде қамауда болады. Осы қанды оқиға көпшіліктің жағасын ұстатты. Желтоқсанның 29-ы күні Данил Ахуновтың подъезд алынан жоғалып кеткені туралы әкесі хабарлаған. Кейін бүлдіршінді ұрып өлтіріп, қала шетіне көміп тастағаны белгілі болды. Қазір үшемнің қалған екеуі «Аяла» оңалту орталығында тәрбиеленіп жатыр. Оларды күні-түні бақылап отырмыз дейді тәрбиешілер. Ең сорақысы, Данил мен оның сыңарларын әкесі бұған дейін де ұрып-соққан екен. Оны сәбилер үйіндегі мерекелік кешке келгенде балақайдың өзі айтыпты. Тіпті денесіндегі көгерген іздерді тәрбиешілер де байқапты. Бұл жағдайдан инспекторлар да  хабардар болған. Бірақ неліктен шара қолданылмағаны белгісіз. Білім бөліміндегілер қорғаныш кеңесіне қатысты тексеру жүріп жатқанын айтты.

Меткүл Қосымбаева, Ақтөбе білім бөлімінің басшысы:

- Иә, бірінші желтоқсандағы жағдайды айтып тұрсыздар ғой. Полицияға хабарлама берген. Олар тексеру жүргізген. Біздің қорғаныш бөліммен жұмыс туралы, зерттеу болсын, сосын айтамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.