Павлодар облысында шаруалардың шөбін әдейі өртеген
Павлодар облысында шаруалардың шөбін әдейі өртегендер іздестіріліп жатыр. Олар жиналған маяға қасақана от қойып, шалғай ауылдағы бірнеше кәсіпкердің қысқа әзірлеген жем азығы лезде күлге айналды.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
05.01.2023
Оқиға Майтүбек ауылында болған. Түн ішінде шаруалардың қыстық мал азығы бір уақытта өртенген. Жедел жеткен өрт сөндірушілер қорадағы малды аман алып шығуға жанталасыпты. Олар ауыр техникамен қарды үйіп, қора мен пішеннің арасын бөлген. Өрт тек төрт сағаттан кейін ғана сөндірілген. Осы уақытта 80 тонна мал азығы жанып кеткен. Қазір полиция қасақана от қойған күдіктілерді жер-көктен іздеп жатыр.
Сергей Огай, Павлодар облысы ТЖД басқарма бастығы:
- Алдын ала болжам бойынша, бұл қасақана жасалған жағдай. Өйткені от бірнеше жерден тұтанған.Біреудің мүлкін бүлдіріп жоқ қылған. Қазір шығын есептеліп жатыр. Іс күдіктілерді іздеу үшін полицияға берілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!