«Мир меха» жәрмеңкесі керемет жеңілдік жасап отыр
Алматыда «Мир меха» тондар мен ішіктер жәрмеңкесі жалғасып жатыр. Қыстық киімнің мың жарымнан астам түрінің әр түрін төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік бар. Жеңілдіктер науқаны қаңтардың 8-іне дейін жалғасады.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
05.01.2023
Қаракүзен, бұлғын, қаракөл, мутон, сілеусін, елтірі мен түлкі. «Мир меха» дүкенінде ішік пен тон таңдаудың кеңдігі осындай. Қыстық киімдердің ұзынды-қысқасы, қалың-жұқасы да осында. Шикізаты Финляндия, Австралия, Даниядан жеткізілсе, ішік, тондар тікелей Ресейде тігіледі.
Мейрамгүл Мұқанова, Алматы тұрғыны:
- Бұл жерде бәрі таза өнім. Базардан алсаңыз, алдайды. Бұл жерде таза өнім, қорықпай келіп ала берсеңіз болады. Бәрі сапалы, жақсы тігілген. Керемет енді. Бағасы да тиімді. Қазір жеңілдіктер болып жатыр. Алуға болады.
Тон қарап жүрген жұрттың дүкенді ауыз толтырып мақтауы бекер емес. Клинеттердің қызыққаны – жеңілдіктер. Мұнда келген сайын қалтаны қақпайтын әр түрлі жәрмеңкеге тап боласыз.
Ғалия Зағидуллина, сатушы:
- Жаңажылдық жеңілдіктер жалғасып жатыр. 8 қаңтарға дейін тон мен ішікті қолма қолмен немесе бізбен серіктес банктер арқылы бөліп төлеп ала аласыз. Келіңіздер. Күтеміз.
Аса бағалы ішік, тонды арзанға сатып алғыңыз келсе, жаңажылдық жеңілдіктен құр қалмаңыз. Жәрмеңке осы аптаның аяғына дейін жалғасады. Осындай мүмкіндік берген «Мир меха» дүкені Балуан Шолақ спорт сарайында орналасқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!