Боранда үш адам жоғалып кеткен
Қарағанды мен Ұлытау облысының ортасында боранда адасып кеткен үш адам іздестіріліп жатыр. Олар мал іздеп шыққандар екен. Ал дауылды ескертуге қарамастан, полицейлермен жанжалдасып жолға шығып кеткен үш көліктің жүргізуші жауапқа тартылды.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
06.01.2023
- Ей, аш ана жолды, мойорды да алып таста, ары қарай, Ей, тұр деймін, былай.
Бұл Балқаштан Қарағандыға шығатын жолдағы айқай-шу. Мұнда бірнеше күнгі боранда 600-ден аса көлік қаңтарлыған. 2000 мыңға жуық жолаушы күн ашылғанын желеу етіп, полицейлерден жолды ашуды талап еткен. Тәртіп сақшылары боран басылғанымен, жолдың беті қардан тазаланбағанын түсіндіріп әлекке түсті. Бірақ қалың көптің арасынан үш жүргізуші полицияның талаптарына қарамастан қарбаласты пайдаланып жолға шығып кеткен. Оларға бірден іздеу жарияланып, біреуі Қарағанды, екі жүргізуші Астана қаласында ұсталды.
Бақытжан Құдияров, Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:
- Жолдың жабық болу мерзімінде жылы жатын жер және ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Оларға шыдам сақтап, жолдың ашылуын күту крек болатын. Қазір полиция қызметкерлерімен үш көліктің мемлекеттік нөмірлері анықталды. Құқықбұзушыларға айыппұл немесе 15 тәулікке қамауға алу жазасы көзделген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!