{metadescription}
«Дикий Арман» тағы екі ай түрмеде отырады
«Дикий Арман» тағы екі ай түрмеде отырады

«Дикий Арман» тағы екі ай түрмеде отырады

Тағы екі ай түрмеде отырады. Арман Жұмагелдиевті ұстау мерзімі алпыс күнге ұзартылды. Өйткені "Дикий Арман" лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесіне қатысты тергеу аяқталмаған.

Былтыр қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған ол қазір Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отыр. Бас прокурор күні кеше ғана осы Жұмагелдиевті қанды қаңтарды ұйымдастырушы 18 адамның бірі ретінде атаған болатын. Шетелде алшаң басып, тіпті елден әнші, ақындарды алдырып сауық құрып жүретін "Дикий Арман" былтыр аяқасты елге оралып, артынан ерген топты билікке қарсы қойған деп айыпталуда. Айтқанына көніп, айдауына жүрмегендерді қинап, азаптады дейді тергеушілер. Соның салдарынан бір адам қайтыс болған. Жұмагелдиев бастаған топ полиция департаменттері мен әкімдіктерге аяусыз шабуыл жасаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде