{metadescription}
Бір күнде 211 адам коронавирус жұқтырған
Бір күнде 211 адам коронавирус жұқтырған

Бір күнде 211 адам коронавирус жұқтырған

Бір күнде Ковид-19 жұқтырушылардың саны 211-ге жетті. Кеше ғана бұл сан 100-ге жетпей тұрған. Бірақ еліміздің бас санитар дәрігері бұдан қорқып отырған жоқ. Өйткені статистика бойынша бұл сан қалыпты жағдай.

Оның үстіне дәрігерге шағымданушылар демалыс күндері азайып, жұмыс күндері көбейеді екен. Дәрігерлер вирус жұқтырғандар санының бірден өсуін ұзақ демалыспен байланыстырады. Жаңа жылдың демалысында тұрғындар емді үйінде жүргізген. Қазір елімізде «Омикронның» бірнеше штамы кезіп жүр. Егер қосымша бронхит, пневмония сияқты ілеспе диагноздар болса, вакцинаға қарамай қайта жұғып жатыр. Өткен айда коронавирустан екі адам қайтыс болған. Бас санитар дәрігер жасы елуден асқандарға аса мұқият болуды сұрайды. Өйткені қазір ковидпен бірге бірнеше вирус өршіп тұр.  

Айжан Есмағанбетова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас санитар дәрігер:

- Ковид жұқтыру өткен жылдың қарашасынан басталған. Бірақ бұл былтыр «Омикрон» енді келгенде күніне 16 адамнан бастап жазда 3000-ға дейін жеткен. Қазір салыстырмалы түрде аз. Республиканың барлық өңірі жасыл аймақта. Жұқтырушылар өзге аймақтарға қарағанда Павлодарда көп. Екі жарым мыңнан астам ауру қазір короновирустан емделіп, ауруханаларда ем алып жатыр. Олардың 90 пайызы амбулаторлық жағдайда емін жалғастыруда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде