{metadescription}
Рекорд: Қазақстандықтар ұшақпен жиі қатынайтын болған
Рекорд: Қазақстандықтар ұшақпен жиі қатынайтын болған

Рекорд: Қазақстандықтар ұшақпен жиі қатынайтын болған

Қазақстандықтар ұшақпен жиі қатынайтын болған. Индустрия және инфрақұрылым даму министрлігі өткен жылы әуе тасымалы 15 пайызға ұлғайғанын айтып отыр. Шамамен 10 миллионға дейін. Бұл соңғы 30 жылдағы рекорд көрсеткіш.

2022 жылғы қаңтар, қараша айларында отандық әуе компаниялары ішкі бағыттар бойынша 7 млн жолаушыны діттеген жеріне жеткізген, ал халықаралық бағыттар бойынша 2 млн 900 мың жолаушы тасымалдаған.

Тимур Тілегенов, ҚР Азаматтық авиация комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы:

Қазақстанның тәуелсіздігін алғаннан бері бірінші рет осы он миллионнан көп жолаушылар тасымалданған саны. Жолаушылар саны жыл сайын көбейіп келе жатыр. Қазіргі уақытта Қазақстанның авиакомпаниялары қосымша ұшақтар алып жатыр. Қосымша рейстер ашып жатыр. Ашық аспан режимін де енгізіп жатырмыз.

Әуе билеттерінің бағасын реттеу индустрия министрлігінің тікелей құзырында емес. Дегенмен сала мамандары сұраныстың артуымен бағаның да бірқалыпты тұрмайтынын жоққа шығармайды. Соңғы күндері жолаушылар тарапынан әуе рейстерінің кешігуіне байланысты шағымдар жиілеген. Бұрындары мұндай келеңсіздіктер тек ауа райының қолайсыздығына байланысты болып келсе, кейінгі кездері ұшу уақытының себепсіз өзгеруі қалыпты жағдайға айналған. Осыған орай өткен жылы 8 әуе компаниясы ірі көлемде әкімшілік жауапқа тартылып айыппұл арқалады.

Гүлмира Біржанова, Астана тұрғыны:

- Менің сапарымның 90 пайызы жұмыс бойынша. Рейстің кешігуі, ұшу уақытының өзгеруі біздің елде өте жиі кездеседі десек артық айтқаным емес. Ұшақ жетіспей ме, әлде рейс санына баланысты ма оны білмейміз. Десе де оның жауапкершілігі бар, екіүш сағаттан артық кешіксе, әуе компаниясы жолаушыларға ас-суды тегін беруі тиіс. Бірақ мұны барлығы біле бермейді. Ал тасымалдаушы компания да ол жағын өз жауапқа алғысы жоқ. Олар хабарлама жіберумен ғана шектеледі. Мұндай жағдайда халықтың алдына шығып, кешігу себебін айтып, елді сабырға шақыруы қажет деп есептеймін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде