{metadescription}
Қазақстанда McDonald’s жұмысы ресми түрде тоқтатылды
Қазақстанда McDonald’s жұмысы ресми түрде тоқтатылды

Қазақстанда McDonald’s жұмысы ресми түрде тоқтатылды

Жаңа атаумен қайта ашыламыз. Қазақстанда McDonald’s мейрамханалар желісінің жұмысы ресми түрде тоқтады. Жылдам тамақтану брендінің жабылуына ет жеткізудегі шектеулер әсер еткен. Себебі, елдегі осы мейрамханалар желісіне шикізат Ресейден тасымалданады.

Ал көрші мемлекеттегі италиялық технологиямен жұмыс істейтін ет комбинаты санкцияға байланысты жұмысын тоқтатқан. McDonald’s-қа өзіміздің сиыр еті жарай ма? Әлемге әйгілі брендке жартылай фабрикат ұсынатын кәсіпорындар бізде бар ма?

Елімізде McDonald’s мейрамханалар желісінің жұмыс істемей тұрғанына екі айдан асты.Алғашында жылдам тамақтану орны техникалық себептерге байланысты уақытша жабылған. Ал күні кеше әлемге әйгілі бренд Қазақстандағы қызметін бір жола тоқтатқанын ресми түрде растады. Осы ақпараттан кейін Алматыдағы мейрамханалар желісінің көбі McDonald’s жазуы бар маңдайшаны алып тастаған.

McDonald’s-тың гамбургеріне арналған сиыр етін италиялық Cremonini компаниясының технологиясымен салынған цехта дайындалған. Біздегі мейрамханалар желісіне ет сол Мәскеу облысында орналасқан кәсіпорыннан жеткізілетін. Алайда санкция салдарынан италиялықтар Ресеймен жұмыс істеуін тоқтатты. Шикізат жоқтығынан алдымен көрші мемлекеттегі фаст-фуд бренді бірінен кейін бір жабылды. Бұл проблема бізді де айналып өтпеді.

"Food Solutions KZ ЖШС:

- Food Solutions KZ ЖШС басқаратын жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар желісі жеткізілім шектеулеріне байланысты Қазақстанда McDonald’s брендімен жұмысын тоқтатады. Компания жұмысының қайта жандануы және жылдам қызмет көрсететін мейрамханалардың жаңа атаумен ашылу мерзімі туралы жақын уақытта жарияланатын болады. Біз осы ауысым жүзеге асқаннан кейін, компанияның өз жұмысын жалғастыруына байланысты барлық сұраққа жауап береміз. Мейрамханалар желісі ашылғаннан кейін келушілерге жоғары сапалы өнімдер, түрлі мәзір мен қонақжай қызмет ұсынылады.

McDonald’s өнімдерінің дәмі барлық мемлекетте бірдей болуы шарт. Гамбургердің котлетін тек Еуропада қайта өңделген ет өнім¬дерінің түр-түрін шығаруда  үздік үштікке кіретін италиялық Cremonini компаниясы дайындайды. «Ал олармен келісімшарт жасап елімізде ет комбинатын салу мүмкін емес», - дейді Қазақстан ет одағының өкілдері. Біріншіден, шетелдік компанияның талабы таудай, екіншіден өндіріс ошағын жабдықтау үшін қыруар қаражат керек. 

Асқар Жұбатыров, Қазақстан ет одағының атқарушы директоры:

- Сапаны бақылап талапты орындау үшін ірі ойыншы керек. Елімізде ондай заманауи ет комбинатын салу үшін жүз миллиондаған доллар қажет. Бұл аз ақша емес. Тек қана «Макдональсқа» арнап ет комбинатын салу мүлдем тиімсіз. Біздің нарық ондай ауқымды емес. Шығын көп болады. Халықаралық компанияның өз талаптары да болады. Оны түгел орындауға біздің қауқарымыз жетпейді.

Жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар желісі еліміздің алты қаласында бар. Ас мәзірінде гамбургердің бірнеше түрі, тәттілер мен қытырлақ картоп дайындайтын орында екі мыңға жуық отандасымыз нәпақа тапқан.

Алматыда курьер болып жұмыс істейтін Борис Архангельский  McDonald’s жабылғалы табысым күрт азайды деп қапалы. Өйткені осы брендтің өнімдеріне тапсырыс беретіндер өте көп екен.

Борис Архангельский, курьер:

- McDonald’s жабылғалы тапсырыс күрт азайып кетті. Мысалы, күніне 15 тапсырыс болса соның жартысы осы брендтің өнімдері болатын. Бұл біздің табысымызға да кері әсерін тигізді. Әлемдік брендтің елден кетіп жатқаны қынжылтады. Олардың ас мәзірі мен өнімдері көпшіліктің көңілінен шығатын еді.

Жарты ғасырлық тарихы бар мейрамханалар желісінің Қазақстаннан кетуіне байланысты халықтың пікірі екіге жарылды. Бірі өкініш білдірсе, енді бірі бұл шешімді құптайды.

- Әрине, өте өкінішті, жабылып қалғаны. Фастфудтардың ішіндегі ең дәмдісі еді.

Халықаралық стандарт, сапа. Фастфуд көшбасшысы. Тек Қазақстанда емес, бүкіл әлемде.

- Жабыла берсін. «Макдональдста» болдық қой. Бірақ қазақтың еті ол қазақтың еті ғой. «Макдональдс» онша емес. Бізге ұнамайды. Үлкен адамдарға.

Қазақстандағы McDonald’s франшизасының иесі Қайрат Боранбаев өткен жылдың наурыз айынан бері қамауда отыр. Ықпалды бизнесмен «квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырды» деген күдікке ілінген. Олигархтың жылдам тамақтану желісінің жұмысын қайта жандандыруға қазір мүмкіндігі жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.