{metadescription}
Маңғыстау облысы: Мұнайлыда мектеп өртенді
Маңғыстау облысы: Мұнайлыда мектеп өртенді

Маңғыстау облысы: Мұнайлыда мектеп өртенді

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында мектеп өртенді. Қызыл жалын білім ордасында кешкі уақытта тұтанған. Оқушылар қысқы каникулда болғандықтан еш қауіп-қатер болмаған. 

Тілсіз жау мектептің акт залынан шыққан. Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған деген болжам бар. Осы акті залында іс-шара өткізу жоспарланған екен. Күндіз соған дайындық жұмысы жүргізіліпті. Алайда аяқ астынан тұтанған өрттен 110 шаршы метр аумақ бүлінді. Десе де дүйсенбіден бастап мектепте оқу жалғасады. Қызыл жалынды ауыздықтауға 20 өрт сөндіруші мен төрт арнайы техника жұмылдырылды.

Сүндет Нұрпейсов, Мұнайлы ауданы ТЖБ аға анықтаушысы:

Мектептің акті залының аумағы 300 шаршы метрді құрайды. Зақымданған аумақ 110 шаршы метр. Өрт 37 минут шамасында толық сөндірілген. Тергептексеру, анықтау жүргізіліп жатыр. Өрттің нақты себебі белгісіз әлі. Бірақ болжам бар, тоқ сымдарының қысқаша тұйықталуынан болуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде