{metadescription}
КТК арнасы «Қаңтар тағылымы» деректі фильмін ұсынады
КТК арнасы «Қаңтар тағылымы» деректі фильмін ұсынады

КТК арнасы «Қаңтар тағылымы» деректі фильмін ұсынады

Қабырғаны қайыстырған қаралы қаңтарға бір жыл. Сын сағатта халықтың сағы сынбады. Елдік пен бірлікке төнген қауіптен қандай сабақ аламыз? КТК арнасы «Қаңтар тағылымы» деректі фильмін ұсынады.

Қаралы түн, тұманды, қаралы күн,

Ойым, жаным, жүрегім жаралы інім.

Ұлы дала азынап, аза тұтып,

Боздақтарын жоқтауда қара бүгін.

- Жандосым менің балам болып туғанмен, халықтың баласы болып қайтты.

- Зомби сияқты ғой, келе жатып жарақат алады. Өз көзіммен көрдім, оқ жарақатын алған адам, тұрып, қайтадан жүгіріп бара жатыр.

- Әрқашан сауаттылығы жағынан, саяси сауаттылық, құқықтық сауаттылық жағынан қоғам дұрыс болуы керек.

- Біз мызғымас бірлігіміздің арқасында қатердің бетін қайтардық. Елдігімізді таныттық, мықты мемлекет екенімізді көрсеттік.

Фильмде зобалаңды көзбен көрген, оқ пен оттың ортасында жүрген, кәсіби қызметіне адалдық танытқан құзырлы орган қызметкерлері, өрт сөндірушілер, дәрігерлер бастан кешкенін баяндайды. Саясаттанушылар, әскери сарапшылар Қаңтар қасіретінен қандай сабақ алуымыз қажет деген сауал төңірегінде ой өрбітеді. «Қаңтар тағылымы» деректі фильмін көріңіздер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде