{metadescription}
Омбы қардан 40 шақты көлік пен 93 адам құтқарылды — Алматы облысы
Омбы қардан 40 шақты көлік пен 93 адам құтқарылды — Алматы облысы

Омбы қардан 40 шақты көлік пен 93 адам құтқарылды — Алматы облысы

Алматы облысында қар құрсауында қалған 40 шақты көлік пен 93 адам құтқарылды. Тоқтаусыз жүрген қар көшкінінің кесірінен құтқару жұмысы төрт күнге созылды.

Дүйсенбі күні Бартоғай су қоймасы маңында көшкін жүріп, 93 турист көліктерімен бірге омбы қарға батып қалған еді. Орнынан қозғала алмай айдалада қалған жұртты шығару үшін 38 техника мен 85 төтенше қызметкерлері жұмылдырылды. Мамандар туристерді кезек-кезегімен қауіпсіз жерге жеткізіп отырған. Кеше түнде соңғы легі құтқарылды. Бәрі дін аман.

Павел Сачков, Алматы облысы ТЖД басқарма бастығы:

- Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті дауыл туралы ескертуге құлақ асып,  ауа райының қолайсыз жағдайында өтуі қиын, қарлы учаскелерге бармауға кеңес береді. Туристер өз бағыты туралы Алматы облысының ТЖД хабарлауы қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде