{metadescription}
Генерал Мақсат Қожабаев коррупцияға қатысы бар деген күдікпен ұсталды
Генерал Мақсат Қожабаев коррупцияға қатысы бар деген күдікпен ұсталды

Генерал Мақсат Қожабаев коррупцияға қатысы бар деген күдікпен ұсталды

Жемқорлықпен күресіп жүріп өз құлқын күйттеген. Бүгін коррупцияға қатысы бар деген күдікпен антикор төрағасының бұрынғы орынбасары ұсталды. Генерал Мақсат Қожабаевтың қолына кісенді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері салды.

Дегенмен экс-шендінің кімнен, қанша пара алғаны жөніндегі ақпаратты жариялаған жоқ. Тұтқындалған кезде Қожабаевтың қандай қызметте отырғаны туралы да ешқандай дерек айтылмаған. Белгілісі, айыпталушы 2021 жылдың шілдесінен 2022 жылдың сәуіріне дейін антикор төрағасының орынбасары болған. Одан бөлек, Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-қимыл агенттігінің Қызылорда, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстары бойынша департаментін басқарған. Бірқатар өңірде прокурор лауазымында да болыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде