{metadescription}
Синоптиктер: 33 градусқа дейін аяз болады
Синоптиктер: 33 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер: 33 градусқа дейін аяз болады

33 градусқа дейін аяз болады. Алдағы үш күнде Алматы мен Алматы облысында қалың қар жауып жолдар көктайғаққа айналады. Синоптиктер бұлай күннің күрт сууын солтүстік-батыстан келген антициклонмен байланыстырады. 

Дәулет Кисебаев, «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы және Алматы облысы филиалының жетекші инженер-синоптигі:

- Алматыда алдағы үш күнде қар жауады. Көктайғақ пен тұман болады. Температура ақырындап төмендейді. 10 қаңтарда сынап бағанасы минус 46 градусты, 11-і  минус 1012 градусты көрсетеді. 12-сі түнде 20-22 градус, күндіз 15-17 градус аяз күтіліп отыр. 13-і мен 14-і түнде 23 градус аяз болады. Ал Алматы облысының солтүстігі мен таулы аймақтарында 28-33 градусқа дейін аяз күтіледі.

Қаңтардың ортасына қарай Алматыда қыс қаһарына мінбек. Синоптиктер әуелі қалың қар жауып, артынан бүрсең қақтыратын аяз болады дейді. Ең суық күндер алдағы бейсенбі мен жұмаға түседі. Қыстың қытымыр мінезіне әкімдіктегілер сақадай-сай дайынбыз дейді. Тіпті қар тазалауға мыңға жуық арнайы техника мен мың 400 жұмысшы жұмылдырмақ.

Атқамінерлердің қазірден тыпырши бастауына да себеп бар. Өйткені биыл қар ерекше қалың жауады деп отыр. Мәселен, былтыр бүкіл қыста 45 мың текше метр ақ ұлпа шығарылса, осы жылы небәрі тоғыз күнде 62 мыңнан астам текше метр қар шығарылған.

Айдын Қалабаев, Алматы инфроқұрылым даму басқармасы көріктендіру бөлімінің басшысы:

- Қатты аяз күтілуде. Коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жақсы жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар өндірістік базаларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Көктайғақтың пайда болуына қарсы біз жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы арақашықтықты ұлғайтуға кеңес береміз. Ал жаяу жүргіншілерге тротуарда абай болуға кеңес береміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.