{metadescription}
Жұрт зейнетқордағы қаражатын көбінесе емге жұмсайды екен
Жұрт зейнетқордағы қаражатын көбінесе емге жұмсайды екен

Жұрт зейнетқордағы қаражатын көбінесе емге жұмсайды екен

Ел азаматтары зейнетқордағы қаражатының бір бөлігін баспана алуға емес, емделуге көбірек пайдалана бастады. Өткен жылы емделуге  салымшылардан 262 117 өтініш түскен. Ал бұл 2021 жылмен салыстырғанда екі есеге көп.

Қазақстандықтардың 96 пайызы жинақтарын стоматологиялық қызметке пайдаланыпты. Өтініштердің тек үш пайызға жуығы ғана көзін емдеуге жұмсалған.

 Жалпы зейнетақы қоры ел азаматтарының арнайы шотына шамамен 3 трлн 2 млн теңге аударғанын хабарлады. Өңірлерде қарттыққа деп сақтап отырған қаражатты әуелгі кезекте алматылықтар белсенді қолдануда. Одан кейінгі үлес Астана қаласы мен Маңғыстау облысы тұрғындарына тиесілі.

Зейнетақы қорындағы қаражатты пайдаланудың шекті мөлшері жаңа жылдан бастап өзгерді. Мәселен, 20 жаста 3 млн 260 000 теңгеге дейін, 30 жаста 4 млн 580 000 теңге, ал 40 жаста қордағы қаражаты 6 млн 100 000 теңгеден асқан жағдайда ғана өз игілігіне жұмсауға өтініш бере алады.

Мұрат Шәріпов, БЖЗҚ Астана филиалының басқарушы директоры:

- Ең бастысы, біздің азаматтарымыз осы зейнетақы шотына жинап жатқан ақшасын қадағалап, уақтылы түсуін қамтуы керек. Және шотын қадағалап отыруы керек. Жеке кабиентінде қанша ақша жиналды, қанша ақшаны қолдануға мүмкіндігі бар екенін, бәрін көруіне болады. Толық ақпарат анық көрсетілген. Қанша ақша қайтып келді, неге қайтып келді, кей азаматтар уақтылы қолданып үлгермесе, қайтып келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде