{metadescription}
Ескерту: Тұмаудан өз бетіңше емделме
Ескерту: Тұмаудан өз бетіңше емделме

Ескерту: Тұмаудан өз бетіңше емделме

Ақтөбе облысында тұмаудың таралуы тоқтамай тұр. Бұл вирус бұрынғыдай емес, салдары қауіпті дейді мамандар. Тыныс жолдарын зақымдап, құлаққа да әсер етеді екен.

Тұмаудың кесірінен ыстығы түспей дерті асқынған 64 науқас ауруханада емделіп жатыр. Барлығы дерлік бала. Көкжөтел мен тамақтың қарлығуынан бөлек, вирус мұрын мен құлақты қабындырады. Дәрігерлер ата-аналарға өз бетінше емделмеуді ескертуде. Тұмау белгілері байқалса, бірден маман кеңесіне жүгіну керектігін айтады. Өңірде тұмаудан бөлек, коронавирус инфекциясы да қайта тарап жатыр. Қазір қауіпті вирус жұқтырған 8 жүкті келіншек ауруханада емделуде. Тағы 55 адамды ақ халаттылар бақылауға алыпты.

Бекболат Ізбасаров, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Биыл тарап жатқан тұмау науқастардың тыныс алу мүшелерін зақымдап жатыр. Біріншіден, отит, құлақ қабынуы дерті көбейді. Гайморитке шалдыққандар да бар. Биылғы тұмаудың қауіпі осында болып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.