{metadescription}
Алматы барахолкасында алты контейнер өртенді
Алматы барахолкасында алты контейнер өртенді

Алматы барахолкасында алты контейнер өртенді

Алматыдағы әйгілі «Барахолка» базарындағы алты контейнер отқа оранды. Қызыл жалын ілезде күш алып, 100 шаршы метрден астам аумақты күлге айналдырған. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ.

«Арлан» базарының ішіндегі мата сататын контейнерлерде өрт кешкі бестер шамасында тұтанған. Тілсіз жаумен 16 арнайы техника мен 60 адам арпалысты. Алайда қою түтіннің кесірінен төтеншеліктер қызыл жалынды сөндіре алмай әуре-сарсаңға түсті. Оған қоса кей контейнерлердің жабық тұруы да кедергі келтірген. Жеке қорғаныш құралын киюге мәжбүр болған өрт сөндірушілер жалынды бір сағатта әрең ауыздықтап, базарға жапсарлас орналасқан нысандарға таралуына жол бермеді. Қазір өрттің шығу себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде