{metadescription}
Алаяқ курьер 3 млн 600 мың теңгені қолды қылған
Алаяқ курьер 3 млн 600 мың теңгені қолды қылған

Алаяқ курьер 3 млн 600 мың теңгені қолды қылған

Алаяқ курьер елордалықтардың 3 млн 600 мың теңгесін қолды қылды. Ер адам алдымен, Яндекс қосымшасына курьер ретінде тіркеліп, тұрғындардан тапсырыс қабылдай бастаған.

Клиент өтінішімн тауарды дүкеннен алып кетіп, бірақ оны иесіне жеткізбеген. Ал тұрғындар қосымшада көрсетілген нөмірге хабарласқанымен, одан еш нәтиже шықпапты. Полиция қызметкерлері 24 тұрғынды сазға отырғызған көкшетаулық азаматты тапты. 26 жастағы еркек уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды. Кінәсі дәлелденсе, айыпталушы 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Шұғыла Тұрлыбек, ҚР ІІМ ресми өкілі:

- Тұрғындарға тиесілі ұялы телефондар, ноутбуктер, сымсыз құлаққаптар және басқа да құрылғыны иемденген. Алаяқтық әрекеттің барлық фактісімен ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапқа тартылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.