{metadescription}
Ордабасы ауданындағы шұбарсулықтар балшыққа батып отыр
Ордабасы ауданындағы шұбарсулықтар балшыққа батып отыр

Ордабасы ауданындағы шұбарсулықтар балшыққа батып отыр

Түркістан облысында 40 мың тұрғыны бар үлкен ауыл балшыққа батып отыр. Ордабасы ауданындағы Шұбарсу ауылында көлік тұрмақ, жаяу адам жүре алмайды. Елдімекенге су мен газ жүргізген мердігерлер құбырдың бетін нығыздамай кетіпті.

Соның салдарынан белуардан батпаққа батқан тұрғындар жүріп-тұру қиындады дейді. Толарсақтан саз кешкен тұрғындармен КТК тілшісі тілдесті.

Шұбарсу ауылының тұрғындары екі жылдан бері көшеде жүруден қалды. Өйткені жаңбыр, не қар жауса, айнала ми батпаққа айналады. Ал, бұған екі жылдан бері су мен газ жүргізіп жатқан мердігерлер кінәлі екен. Жерді қазып құбыр тастаған соң үстін нығыздамай кете беріпті.

Нұржан Мұхамедов, Ордабасы ауданының тұрғыны:

- Олар қазды да құбырларды тастағаннан кейін көмді. Көмгеннен кейін оларға неге тығыздамадыңдар деп едік, олай етуге болмайды, ол сынады дейді. Сылтауы сол, ертең жауыншашын болса, ол сынады дейді. Үстінен үйіп-үйіп кетті. Қазір жауын шашыннан отырды жер. Содан балшық боп миы шығып жатыр.

Ауылда көшеде көлік жүрмейтін болған. Себебі, батпаққа батып қалған техниканы сүйреп шығару қып-қызыл бизнес көзіне айналған.

Айпарша Орынбасарова, Ордабасы ауданының тұрғыны:

- Газеліміз батып қалған кезде тракторды шақырамыз. 10 мыңға шығарамыз. Күніге жауын жауған күні азанда, кешке тасимыз ғой, азанда да, кешке де батпаққа батамыз. Бір күнде екі мәрте.

Зығырданы қайнаған кей тұрғын жабылып көшеге тас төсеп алған. Мәселен, Атабай ақсақал таңнан бері бәйбішесімен бірге көшеге құм-тас жайып жүр.

Атабай Әшімов, Ордабасы ауданының тұрғыны:

- Қолмен себеміз, тек кіріп шығу үшін. Машина кіріп, шыға алмайды ғой. Тасты жолға қолмен сеуіп жатырмыз. Қайдағы әкімдік?! Өзіміздің тас қой. Енді осы жерде 15 жылдан бері осындай мәселе. 15 жылдан бері жолды ешкім істемейді. Өткенде қазған еді, қазғаннан солай қалды ғой.

Ордабасы ауданының жолға жауаптылары мердігерлердің мәселесін майшаммен қараймыз дейді. Тіпті ауылға инфрақұрылым толық жүргізілген соң, көшелерді асфальттау жоспарланған. Әзірге лайға айналған жолдарға тас төсеп береміз дейді шенеуніктер.

Асқар Балабиев, Ордабасы ауданы ТҮКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Бірінші кезекте осындай аумақтарда тас төсеуге 138 миллиондай қаржы қаралды.  40 километрге жуық, 35 километрге. Тұрғындардың өтінішіне сәйкес осындай жарамай қалған жолдардың батпағы шығып кеткен жолды қалпына келтіріп беріп жатырмыз.

Шұбарсу ауылының өзінде ішкі жолдардың ұзындығы 395 шақырым. Соның тек 25 шақырымында ғана асфальт бар. Ауылға толық тас жол төсеуге шамамен 7 миллиард теңгедей қаржы керек. Бірақ, ондай қыруар қаражаттың бөлінер-бөлінбесін аудан атқамінерлері айта алмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде