{metadescription}
Қаралы қаңтар: Алматылық волонтердің басынан кешкен оқиғасы
Қаралы қаңтар: Алматылық волонтердің басынан кешкен оқиғасы

Қаралы қаңтар: Алматылық волонтердің басынан кешкен оқиғасы

«Қаңтардың сол күндері сананы әлі күнге аяздай қариды». Алматылық Жандос Сейіт бір жыл бұрын көрген, өз басынан кешкен оқиғасын боямасыз баяндады.

Жандос бірнеше жылдан бері "Я Алматинец" еріктілер тобының мүшесі. Сын сағатта қалыс қалмады. Қаңтардың бесі күнгі жағдайды көріп, ертесінде мегаполистегі ауруханалардың біріне өз еркімен көмекке сұранып барды.

Айтуынша, жаралы адамдар толассыз келіп жатты. Бірін әскерилер әкелсе, екіншілерін көшеде кездейсоқ көлікпен кетіп бара жатқандар жеткізген. Жандос Сейіт сол зобалаңды көзімен көрмесе де, жансақ пікір айтушылардың көбейгеніне налиды. «Бұл түймедейді түйедей ететін емес, енді қайталанбасын деп сабақ алатын үлкен трагедия» - дейді ол.

Жандос Сейіт:

- Жай шерушілер емес, кәдімгідей алдын ала дайындалған бәрі. Соның бәрін қаружарағы бар адамдар істеп отырған. Ол еліміздің ішінен бе, сыртынан келген жау ма, соны білемін. Кім екенін білмеймін, бірақ сол жау бар екенін білемін. Сондықтан, арандатушылардың өтірік сөзіне сенбес үшін соны жарияладым.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде