{metadescription}
Түрмеге тыйым салынған заттарды кіргізу жиілеген – СҚО
Түрмеге тыйым салынған заттарды кіргізу жиілеген – СҚО

Түрмеге тыйым салынған заттарды кіргізу жиілеген – СҚО

Солтүстік Қазақстан облысында жазасын өтеп жатқандарға сырттан тыйым салынған зат кіргізу дерегі көбейген. Түрмеден ұялы телефон, есірткі, басқа да заттар жиі табылады дейді мамандар.

Темір тордың ар жағына аталған заттарды алып өту үшін өмірін қатерге тігетіндер де көп. Тіпті зат көлеміне қарамастан оны жұтып, асқазанына салып өтетін жағдай жиі кездеседі. Түрме қызметкерлері тілшілерімізге адам сенгісіз осындай жағдайларды айтып берді.

Темір тордың ар жағына тыйым салынған заттарды өткізу әр уақытта болған дейді мамандар. Бірақ ол заманына қарай өзгеріп отырады. Мәселен, бұрын жазасын өтеушілер көбіне араққа құмар болатын. Ол кезде колонияда өндіріс ошағы жақсы дамып, спирт ішімдіктерді жәшікке салып кіргізіпті.

Еркебұлан Бектұров, СҚО ҚАЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Арақты жанармай құятын құтыға, көлік дөңгелегіне салып та кіргізген жағдай болған. Дөңгелекті ауыстырып болған сияқты, өзара келісіп, көзді ала бере, бөтелкені сала қояды.Тіпті жәшігімен алған кездер де болған.

Уақыт өте келе құндылық та өзгерді. Қазір колонияда бәрінен бұрын сыртқы әлеммен байланыс қажет. Сондықтан сотталғандар ебін тауып ұялы телефон алып кіруге тырысады. Өткен жылы әр түрлі жолмен түрмеге 89 телефон әкелініпті.

Дәулет Иманбаев, СҚО ҚАЖД аға жедел уәкілі:

- Алты жарым см шағын телефонды қуаттайтын құралымен бірге аяқ киім шеткасына сыйдырған.Тіпті мұны байқамай қалуға әбден болады. Дезодорант құтысына да талай телефонды сыйдырған кез болған. Тыйым салынған  заттарды  піскен нанның ішінен де таптық.

Есірткі, телефон, түрлі таблетканы өткізу үшін сырттан келгендер де, іштегі жазасын өтеп жатқандар да түрлі айла ойластырады. Ондай тыйым салынған заттар тіпті зауыттан шыққан консервілерден де табылады екен. Ішіне жұтып алатындары да кездеседі деп отыр мамандар.

Дәулет Иманбаев, СҚО ҚАЖД аға жедел уәкілі:

- Биыл ерлер колониясында ұялы телефон жазасын өтеушілердің бірінің асқазанынан шықты.Оны медицина қызметкерлерінің қатысуымен әрең алдық. Ол азамат тәртіптік жауапқа тартылды. Сондайақ асқазанның емес, есірткінің бүлінбеуін, күшін жоймауын ойлап, оны целлофанға қабаттап орап барып жұта салады.

Жазасын өтеуші №48:

- Меніңше, ұялы телефон тағы да түрлі қылмысқа бару үшін, әсіресе алаяқтық жасау үшін қажет. Өйткені,туғантуысқандармен сөйлесу үшін мұнда таксофон бар.Белгілі уақытта сөйлесуге рұқсат берілген. Олар өзін бостандықта жүрген сияқты ұстағысы келеді.

Енді солтүстіктегі түрмелерде мұндай заттарды алып өту қиындайтын сияқты. Әрбір колонияға рентген-телевизиялық құрылғысы қойылатын болды. Кіріп-шыққан адамның бойында не бар екені енді алақандағыдай көрініп тұратын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.