{metadescription}
Таиландта туристерге арналған шектеулер күшін жойды
Таиландта туристерге арналған шектеулер күшін жойды

Таиландта туристерге арналған шектеулер күшін жойды

Таиланд туристерге арналған шектеулерді қайтадан алып тастады. Демалушылар бұдан былай тропикалық елге вакцина құжаты мен ПТР-тест қорытындысын көрсетпей-ақ емін-еркін кіре алады. Бұл туралы Таиландтың денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Таиланд билігі осыған дейін мемлекетке келетін шетелдіктерді қатаң тексереміз деп хабарлаған. Талап бойынша турист шекараны кесіп өту үшін кемі екі рет вакцина алған туралы құжатын және ПТР-тестті көрсетуге тиіс болған. Саяхатшыларға бұл шара коронавирусқа қарсы күресті күшейту мақсатында қабылданатыны ескертілген. Алайда бүгін қаулы күшіне енбей қайта өзгертілді. «Туристік қамқор» қоры Таиланд жаңа ережені тек Қытай азаматтарына қатысты енгізуді жоспарлағанын жеткізді. Себебі, ауру айылын жимаған Қытай бүгіннен бастап ковидке қарсы барлық шектеулерді алып тастап шекарасын ашты. Аталған мемлекетте халықаралық рейстер жанданып, қытайлықтар соңғы үш жылда алғаш рет шетелге шығуға мүмкіндік алды. Бұл жаңалық қазір әлем елдерін алаңдатып отыр.

Инна Рей, «Туристік қамқор» қорының төрайымы:

- Таиланд билігінің ресми ақпараты туристік компанияларға таратылған жоқ. Қаулының алғашқысы да, соңғысы да. Мысалы, бүгін сол елге барған отандастарымыздан ПТР-тест ешкім сұрамаған. Сондықтан қазақстандықтар еш кедергісіз Таиландқа бара алады. Менің ойымша, Таиланд әу баста қытайлықтарға қарсы шектеу енгіземіз деп қаулы шығарған. Бірақ туристерге арналған талаптарын не үшін аяқасты өзгерткені белгісіз. Айта кетейік, қазір Таиландқа алты мыңнан астам қазақстандық демалып жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде